Екінші айналымнан асты

Волейболдан ҚР чемпионатының 14-тур ойындары түйінделді. Сегіз кәсіби команда сынға түсіп жатқан жарыстағы қостанайлықтардың нәтижесі – екінші орын. Облыстық ІІД қызметкерлерінен жасақталған «Динамо-Қостанай» клубы турнирлік кестедегі жағдайын жақсартты. Осы айналымда Қызылжардың Есілімен кездескен жерлестер 2-0 есебімен ұтылып тұрған-ды. Дегенмен, намысқа тырысқан спортшылар қалған үш кезеңде алаң иелеріне есе жібермеді.8yhV5OV_idw
«Динамо-Қостанай» көш басындағы «Ұшқын-Искрадан» небары төрт ұпайға қалып келеді. Волейболшыларды әлі де үш айналым күтіп тұр.Команда Динамо-2
– Жоғарғы «А» лигасының жеңісі де алыс емес. Жігіттер осы қарқындарынан таймаса болғаны. Жанкүйерлер тарапынан қолдау аса қажет. Есілмен болған ойында спортшыларымыз салқынқандылық таныта білді. Соның арқасында женңіске деген жігер көрсеттік. Алдағы уақытта көшбасшы ойыншыларымыздың шаршап қалмауы үшін, қосалқы құрамнан да жас волейболшыларды шақырмақпыз, – деді бас бапкер Игорь Нұржанов.Команда «Динамо - 2» выиграла Чемпионат области по волейболу
Екінші айналымнан асқан қыздар командасының көрсеткіші тәп-тәуір. Кестедегі бірінші орыннан сырғымаған «Қостанай» құрамасы – бәскенің басты фавориті. Владимир Рейх баптайтын спортшыларға енді үш ойын қалды. 
 
Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ

You may also like...

1 Response

  1. Ержан айтты:

    Керемет үлкен жеңістер тілейміз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓