Оқушылар олжалы оралды

Нұр-Сұлтан қаласында 8-15 сәуір аралығында 9-11 сынып оқушылары арасында футзалдан республикалық жарыс өтті. "Теңбіл доп" ұлттық лигасында қостанайлықтар жеңімпаз атанды.
Бұл жарысқа Қостанай облысының атынан өткен жылдың жеңімпаздары – Қарасу жалпы білім беретін орта мектебінің "Қарасу" құрамасы қатысты. Финалда жерлестеріміз Қызылорда облысының оқушыларымен кездесіп, оларды 3: 2 есебімен артта қалдырды.
 «Коронавирусқа байланысты ұзақ үзіліс жарияланса да біздің спортшылар шеберліктерін жоғалтпағанын дәлелдеп, Қазақстан Республикасының чемпиондары атана білді», – дейді "Дене тәрбиесі және балалар мен жасөспірімдер туризмі" өңірлік орталығының директоры Қуаныш Бимурзин.
Жалпы, қостанайлық оқушылар республикалық аренада жақсы нәтижелер көрсетіп жүр. Бұл жас спортшылардың алғашқы жеңісі емес. Естеріңізде болса, мектеп оқушыларының Х қысқы гимназиадасында командалық есепте алтын жүлдегер атанған еді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓