Шекарашылар науқасқа көмек қолын созды
3-қаңтар күні күндізгі сағат 14.30 шамасында «Желқуар» шекаралық комендатурасының комендантына Жітіқара ауданына қарасты Болшевист ауылдық округінің әкімі К.Күшекбаев өтініш айтып хабарласады. Арызында ол оң өкшесін майып қылған 27 жастағы ауыл тұрғыны Сергей Кусакан Москвинге жедел медициналық көмек керек екенін, аудан орталығынан 50 шақырым қашықтықта орналасқан ауылдан қатынастың болмай отырғанын айтқан. Шекарашылар ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылған жолды жол талғамайтын көлікпен кесіп өтіп, жарақаттанған азаматты Жітіқара аудандық ауруханасына уақытылы жеткізді.