СЕРГЕЛДЕҢГЕ ТҮСКЕН СОҒЫС АРДАГЕРІ алты жылдан бері әділдік іздеп жүр

КАРИЯ-Қарағым, мен ғұмыры ешкімді алдап, не болмаса өтірік айтып көрген жан емес едім. Қайта осы жасқа келгенде өзім жем болдым,-деп кейіді   тоқсан үш жастағы қария. Қолында соттың шешімі бар.
Оқырманға түсінікті болу үшін оқиғаны басынан баяндап көрелік. Ұлы Отан соғысына бастан-аяқ қатысқан Яков Жүсіпов ақсақал екінші топтағы мүгедек. Таяққа сүйеніп әзер жүреді. Алайда, шындық іздеп бармаған жері жоқ. Алты жыл бойы құзырлы орындардың тарапынан әділдік күткен қарт майдангер әбден тауы шағылып, бізге келіпті.
Ентігін баса алмай біразырақ отырды, қарт жауынгер. Әбден жайғасқан соң үлкен кісіні сөзге тарттық:
-Мен о баста Ұзынкөл ауданындағы Әміреш ауылында тұрдым. Аудан орталығында көшерде үйімді бос тастап кетпейін деген оймен сатпақ болдым. Қазір не көп, ауылдық жерлерде бұзылған үй көп. Ертең солардың кебін киіп, тас-талқаны шығып қирап жатса, қалай шыдап тұрамын?  «Іздегенге-сұраған» деген, көп уақыт өтпей сатып алушы да табылды. Сөйтіп, 2009 жылы қыркүйек айында Сергей Дмитриевич Радченко есімді жігітке пәтерімді саудаладым. Ол қолында ақшаның жоқтығын, бірақ, екі аптаның ішінде белгіленген соманы қолма-қол әкеп беретіндігін айтып, ант-су ішті. Біреу-міреу бұзып, бүлдіріп тастағаннан гөрі, сау тұрғанында сатып жібергенім қандай жақсы болды деп қуанып қоямын іштей. Ал ол көз алдымда үйімді бұзып, тағы біреулерге сатты да жіберді. Содан бері «әкеп беремін» деген 275 000 теңгесі де жоқ, өзі де ізім-ғайым жоғалды,-деп мұңаяды Яков ақсақал.
Қарияның айтуынша, С.Д.Радченко ол кезде Ұзынкөл селосындағы Братская көшесінің бойында орналасқан №8-ші үйде тұрған. Бірақ, ол үй Сергей Радченконың жұбайының атына тіркелген. Тексере келгенде С.Д.Радченконың атында не мүлігі, не көлігі болмай шыққан. Амалы таусылған ардагер арызын арқалап әділет органдарының табалдырығын аттайды.
Аудандық соттың 2009 жылдың 24 желтоқсаны күнгі отырысында азаматтық іске төрағалық етуші Н.К.Бекишева, сот отырысының хатшысы К.Н.Кабильденова шағымданушы Я.М.Жүсіпов пен оның қорғаушысы С.М.Ермағамбетовтың көз алдында Сергей Радченкодан қарызды өндіріп алу туралы шешім шығарады. Ал борышкер Сергей Радченко сотта өзінің кінәсін толық мойындап, екі айдың көлемінде жоғарыда аталған соманы өтеуге уәде етеді.
Алайда, «іс бітті, қу кетті» демекші, сот отырысында жыларман күйге түскен айыпты ізінше «табанын жалтыратып» үлгеріпті.  Осыдан кейін аудандық сот орындаушылары аумақтық бөлімінің жетекшісі А.Касенова әлгіні  тұрғылықты жеріне барып, тығылып отырған жерінен тауып алған. Сөйткен де оны бір аптаға қамап қойған. Бірақ, одан ештеңе де өнбепті. Керісінше, уәдені үйіп-төгіп қамаудан босаған  С.Д.Радченко содан бері үшті-күйлі жоқ.
-Кейде мен осы сот орындаушыларының немқұрайлылығына қайран қаламын.Сот шешімі қолдарында, неге әрекет етпейді? Тіпті, алдарына бірнеше рет барып та көрдім. Еш қорытынды шығарар емес, қайта мені арқамнан қағып шығарып салады. С.Радченко деген алаяқты іздеп жатқан тірі пендені көрмедім, Мүмкін, өздеріне берешек болмаған соң, сөйтетін шығар. Әйтпесе, жердің астына түсіп кетпесе, алты жылдан бері бір іздеп табатын болған жоқ па?!-дейді шарасыз қария.
Ал сот орындаушылары С.Д.Радченконың аудан аумағында жоқтығын алға тартып, сотқа  күдіктіні таба алмай жатқандығы жөнінде түсініктеме жолдаған.IMG_2094
Сөйтіп, жылдар бойы табанынан таусылып жүріп, соттың табалдырығын тоздырған Яков Жүсіповтің  шағымы үстіміздегі жылдың 19 қазанында қайта қаралыпты. Бұл жолы Ұзынкөл ауданындық сотының төрағасы А.М.Бүркітбаевтың төрағалығымен өткен отырыста аудандық сот орындаушылары аумақтық бөлімінің жетекшісі А.К.Касенованың түсініктемесіне байланысты мынадай қорытынды шығарылыпты (құжат орыс тілінде жазылған, сөзбе-сөз келтірілді):
«В производстве Узункольского территориального участка судебных исполнителей на исполнений имеется испольнительное производство №1014-15-39 от 21.09.2015 года о взысканий с Радченко Сергея Дмитриевича в пользу Жусупова Якова Михаиловича долг в сумме 275000 тенге, возбужденного на основании исполнительного листа Узункольского районного суда Костанайской области от 24.12.2009 года.
В ходе исполнительных действий установлено, что должник Радченко Сергей Дмитриевич прописан по адресу: село Узунколь, ул. Братская,8 Узункольского района Костанайской области, однако согласно акта о не проживании должника от 15.10.2015 года, должник Радченко Сергей Дмитриевич, в ностоящее время на территории села Узунколь Узункольского района не проживает и место его нахождения не известно. Согласно, ответов на запросы, недвижимого имущества за должником не зарегистрировано, денежных средств в банке не имеется, движимого и недвижимого имущества за должником также не зарегистрировано, подсобного хозяйства не имеется.
Таким образом, принятыми мерами установит место пребывания должника Радченко Сергея Дмитриевича не представилось возможным.
Согласно ст. 45 Закона РК от 02.04.2010 года № 261-4 «Об исполнительном производсвте и статусе судебных исполнителей», розыск должника осуществляется по определению суда органами внутренних дел.
Руководствуясь ст. 251-252 ГПК РК и ст. 45 Закона РК от 02.04.2010 года № 261-4 «Об исполнительно производстве и статусе судебных исполнителей», суд определил:
Объявить розыск должника Радченко Сергея Дмитриевича, 31.10.1976 года рождения. При установлении местонахождения должника, обеспечить его явку в суд к судебному исполнителю.
Копию определения для исполнения направить начальнику Узункольского РОВД.
Определение опротестованию и обжалования не подлежить.
Судья: А.Буркутбаев.
Анықтамада қаулы 2015 жылдың 04 қарашасынан бастап заңды  күшіне енеді деп көрсетілген. Алайда, Ұзынкөл аудандық сот орындаушыларының аумақтық бөлімінің жетекшісі А.К.Касенованың қолы қойылған 2015 жылдың 9 қарашасындағы қаулысында  Сергей Радченкоға қатысты өндірістік істі тоқтату туралы жазылыпты. Яғни, борышкер аудан түгілі, облыс аумағында болмай шыққан.  Қаулының бір данасы Ұзынкөл аудандық Сотына, бір данасы шағымданушыға жолданыпты.
-Майданда екі рет ауыр жараланып, қансырап жатқанымда  мұндай сұрқиялық ойыма еш кіріп шықпапты. Қайдағы жоқ алаяққа аяқ асты алдандым дейік, енді оны тауып алып, қылмыстық жауапкершілікке тарту әділет органдарының міндеті емес пе? Білуімше, Сергей Радченконың әйелі  Ұзынкөлде шаштараз болып жұмыс істеді. Бар мүлкі әйелінің атында. Апыр-ау, ең болмаса сол әйелдің аты-жөнін, үйдің құжаттарын тауып алуға болады ғой?! Ол әйелінен ұзап ешқайда кете қойған жоқ. 275000 теңге үшін шетел асып кетпеген шығар. Соның жауабын білгім келеді. Мені қашанғы сандалтып қояды?-дейді әбден мүжілген соғыс ардагері.
Ұзынкөл ауданы.   
 
Айбек КӘДІРҰЛЫ
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓