Мешін жылы келеді
Қой жылы да көз ұшында бұлдырап барады. Ел біледі, естен кетпес уақиғалары мен оқиғалары да енді тарих еншісіне қалатын болар. Уақыт деген біреуге өкпе-наз айтар замандасың емес, дабысы мен тынысы кең ұлы ағыс. Өзегіңді өртеген өкінішің болса да, жүрегіңді елжіреткен қуаныш-шат- тығың болса да, бәрі тек өзіңдікі. Ұлы дала елі биыл абыройын биіктетер мәртебелі мерейтой- ларды еңсеріп, түйетайлы жолда да табандылық көрсетіп келеді. Ағайын-жұрт еңселі, сағы сынбаған, келер күннен үміті зор. Сонымен, алда келе жатқан – мешін жылы. Ұлтымыз бастан кешкен (1920, 1932, 1944, 1956, 1968, 1980, 1992, 2004) бұл белестердің сыр-сипатын үңілген кісі біліп, түсінері хақ Келер мешін жылында еліміз болар өзгеріс жаңалықтардан кенде емес. Айталық: – Зейнетақы 9%-ға өседі. Базалық зейнетақы 11 мың 965 теңге болып белгіленді. Барлығын қосқанда 2016 жылы ең төменгі зейнетақы – 37 мың 789 теңгеге тең болады. – № 1 және №2 тізім бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақылар мөлшері ұлғаяды. – Мүгедектік бойынша, асыраушыларынан айырылғандар және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері 7% өседі. – Жылжымайтын мүлік , яғни, пәтерлердің құны 20% және одан да көп деңгейде арзандауы ықтимал. – Әлемнің 19 еліне визасыз кәдімгі төлқұжатпен шыға бе- ресіз. – Іскерлердің биыл бастаған жобалары Мешін жылында толығымен іске асады. Болжамдарға қарасақ, көктем айлары замандастардың жеке басында жақсы жаңалықтар болатын көрінеді. Сыйлықтар мен марапатқа кенелер жылы – нақ осы Мешін дейді. Табар табыс, жұмсар шығынынан да мол болады. Бірақ несібесіне көз алартқан Мешіннің сауық-сайранынан, ду- дуынан сақ болу керек.Айта берсе жыл туралы сәугейлік пікір- пайым да, салиқалы салмақты іс-жоба да жеткілікті. Қандай заман болса да, қазақ ертеңгі күннен күдерін үзбеген халық. Келер жыл арда жыл болғай!
Жанұзақ Аязбеков