Қазақ «қазаққа» қазақша сөйлегені үшін айыпты болды
Редакциямызға Ақтолқын Жәнібекова есімді азаматша шағыммен келді. Әңгімені талай табалдырықты тоздырғанынан бастап кетті. Бізге оны шарасыздық соқпағы әкеліпті. Қолында дода-дода қағазы бар. Онысы – бас сұғып шыққан мекемелерінен «жинап» алған ресми құжаттар. Алдымызға жайып салды… Басынан бастайық.
Мәселе былай болған. Осыдан екі апта бұрын, көлік тізігінінде келе жатып, Ақтолқын аңдаусыз бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіпті-міс. Тәртіп сақшылары оны тоқтатып, ереже бұзғанын айтады. Мұнысын айғақтайтын бейнежазбаны көрмекке, таяу жердегі, яғни Герцен көшесіндегі полиция бөлімшелерінің біріне барыпты. Алайда бейнежазбаны жол сақшылары жөппелдемеде тауып бере алмаған. «Мен сонда да кешірімімді сұрап, қанша болса да тиісті айыбымды өтеуге даяр екенімді айттым. Хаттама толтыратын болдық. Сол кезде олар маған хаттаманы орыс тілінде толтыруды міндеттеді. Мен орысша білмейтінімді, қазақ тілінде жазатынымды айтқанымда, басын шайқап, қасарып отырып алды. Ол тілді білмесем қайтемін? Менің де айтқанымнан қайтқым келген жоқ. Сонда да күштеп орыс тілінде толтыртуға тырысып бақты. «Қазақшаны өз ЕЛІҢДЕ, ауылыңда жазасың» деп жекірді,-дейді Ақтолқын,- «Өз еліңде» деп менің оңтүстіктің қызы екенімді меңзесе керек. Қостанайда өмір сүріп жатқаныма 15 жыл болды…». Шағымданушының айтуымен, мәселенің мән-жайын бастан-аяқ бейнетаспаға жазып алған болатынбыз. Өз баяндауында назарыңызға ұсынамыз:
Осылайша, бұл азаматша Досмаилов Д. атты сержанттың өзіне психологиялық қысым көрсеткенін айтып берді.
Орнынан тапжылтпай, қорқытып-үркіткен соң Айтолқынның уақыт өте келе жүйкесі сыр беріп, халі күрт нашарлап… ақырында жедел жәрдем шақыртылыпты. Оны дәлелдейтін ауруханадан алған анықтама қағазы да әлі қолында жүр.
Айығып шыққан соң да Ақтолқын мұны жылы жауып қоймауға бел буған. Сөйтіп, жол сақшысына қарсы арыз жазып, көкейін тескен мәселесін арқалап, облыстық ІІД-не, қалалық сотқа және «Нұр Отан» партиясының кеңсесіне кіріп шыққан.
«Жауабы бірер аптаның шамасында болады» дегендердің көбі әлі үнсіз екен. Егер шағымы ешбірі елеусіз қалса – одан әрі ізденуге бекініп отыр ол.
«Мемлекеттік қызметкердің мемлекеттік тілге пысқырып қарамайтыны шымбайға батты. «Қазақтың» алдында қазақша сөйлейтінім үшін айыпкер болдым. Қалай ызаң келмейді?!»,-дейді Ақтолқын ашынып.
Біздің редакция аталған мәселені арқау етіп, облыстық ІІД-нің бастығы, полиция генерал-майоры Т.С.Маткеновке хат жолдады. Түйткілді жайтқа қатысты берер жауабын, әділ төрелігін күтудеміз.
Жандос Жүсіпбек
Сіздің бағдаршамның қызыл түсіне өткеніңіз туралы бейне жазбаны сізге корсетпесе неге протокол толтырғыздыңыз
Мәселе, Ақтолқынның бағдаршамның қызылынан өткендігі емес, қазақшасында болып тұр ғой?! Қарындасымыздың жол ережесін бұзғанын немесе бұзбағандығын құзырлы органдар анықтай жатар. Ал, "ҚАЗАҚ ТІЛІ" ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫМЕН қорғалған. Анықтауды қажет етпейді! Мемлекеттік тілде сөйлеген адамды ел аумағында ешкімнің де өзге тілде сөйле деп мәжбүрлеуге хақы жоқ.
Ия, дəл осындай жағдай Астана қаласындағы Сарыарқа аудандық ІІД орын алған.Менің бөлем автобуста өзінің төлқұжаты мен ақшасын ұрлатып алғанда, бөлеме де орысша арыз беріңіз, орысша жазыңыз деп бірнеше рет қайталап сан мəрте айтыпты, білмеймін орысша десе, қалай сен ЖОО оқуды қызылға бітірдің, сатып алғаның көрініп тұр деп мысқылдапты өзіміздің қазақ ағамыз. Осы сөздерінен кейін бөлем айтқанынан қайтпай арызды қазақша жазыпты. Оларда ерегесіп бір арызға бола бөлемді 3 сағатқа жуық ұстап отырыпты. Осы уақыт ішінде арызға да, жұмысқа жа қатысы жоқ болмайтын əңгімелерімен тиісіп, мазасын алыпты. Арыз жазуға кеткен бөлемді кіреберіс кезекші бөлімшеде тосып отырғанмын, долданып шықты енді қайтып күнім осыларға қарамай -ақ қойсын деп. Содан бəлелерінен аулақ деп ғимараттарынан тез шығып кетуге асықтық!
Менің де басымнан осындай жәйт өткен. Алматы қаласында. Мен жәбірленушi ретiнде бiр азаматтың үстiнен арыз жазғанмын. Қазақша жазып алып келген арызымды болмайды, орысша жазыңыз деп талап еткен кәдімгі бiздiң қазақ жiгiттерi. Icтi тез ара шешу үшін жаза салдым. Артынша ойландым неге орысша, қазақша емес деп.Бiрақ, маған өз елiнде не жерiнде қазақша жазасың деп сөйлеген жоқ. Солай айтқанда тас талқандарын шығаратын едiм.
Әй жарайсың Ақтолқын. Қазағымның нағыз намысты қызы екенсің, ісің оңынан шешілгей!
Оте дурыс.Оз елимизде журип,ана тилимизди корлагандардын сазайын беру керек.
Тоқтап қалмаңыздар! Соңына дейін жеткізіңіздер істі! Мемлекеттік қызметкерлерді қазақ тілінен тесттен өткізеді, ол қызметкер оны қалай өтті!!!!!
Ой, сол баяғы тіл мәселесі ғой. Қайран қазақ тілі – өз жерінде өгейсіп жүрген. Тақта отырғандар қазақ тілін еркін меңгермегенше, бұл мәселені жылы жауып қоя салу керек. Олар тілді бәрібір үйренбейді. Тілге қатысты мәселенің барлығы "жазулы қазан" күйінде қала береді. Ешқандай шара қолданылмайды, шара қолданылса мұрнымды кесіп, мұрынсыз қалайын
Костанайда казакша солейтин казак коргенжокпын.укимет кайда карап отыр.атырауда орыстар орысша зорга солейт.
Орысшасы тасып туған ондайларды Ресей асыру керек, Қазақ тілін сатқан шіріген жұмыртқаларға Қазақтың жерінде орын жоқ.
Не шықса да біздің қазақтан шығады. Өзгелер қайтіп басынбасын сосын…
Дұрыс! Тоқтамаңыз. Менде осылай əрдайым қазақша жаздырамын, жынданып, жұлқынып бірақ жазады. Сіздерде масқара ғой мынау!
Біз сізбен біргеміз!
Бағытың өте дұрыс ҚАЙТПА ҚАЗАҚ
Жарайсын Актолкын казактарды казакша сойлету керек асиресе солтустукти .Озбектердiн бiр макалы бар озимди берсамда тилимди бермайман дейдi олар сондай казакстанда озбекшесин сойлейди бизши керисинше неге орысша сойлеуимиз керек екен енди агылшына сойле дейдин шыгар шала казактар
жарайсың алға қазақ
Дурыс жазасын берсін ол қазақтын, өз тілін білмей масқара қылды ғой қазақ халқын.
Sottada solai kazakwa emes oris tilinde oted.Sudya Mirzanin ozi duris soilei almai biraz kinalganbiz.
Жарайсын нағыз қазақ Қызы
Арбир казак баласы осылой болу керек. Маганда банк кызметкерлери кагазды орыс тилинде толтыр дегенде мен толтырмадым. Не истей алады? Ештене истей алмайды.
Дұрыс. Айтолқын жарайсын. Менінде басымнан өткен. Мен медсестра болып жумыс жасаймын. Кабинеттің алдында отырган орыс айелге қазақша “корточкаңызды беріңізші” депдім. Адеиі айтқан жоқпын.
Я сам на казахском плохо разбираюсь и мне конечно стыдно за это. Ни кого не виню за это время было тяжелое и детсво. Просматрев видео я возмущен действиями сотрудников. У нас есть права выбора как на русском так и на казахском языке.
Дармоеды начиная от руководство заканчивая этим сотрудником.
Қостанай таңым ай! мықтылар жиылып жатыр Жанұзақ келгелі. жасым 58 де. Кемпірім екеуміз осы газитті оқимыз. арнайы жаздырып. Есімдері танылып келе жаткан Жандос, Қасқырбай дегендерди Кітапхана ұжымы да мактап отыр гой. Костанайдан жарып шыгатын екі акын деп.Олен жазындар жігіттер. Қатесіз, сылап-сықтамаңдар. Ал, жақсы.