Тіл үйренушілерге сертификат берілді

Арқалықта қалалық тілдерді оқыту орталығының қазақ тілі және ағылшын тілі курстарын аяқтаушыларға сертификаттар табысталды.DSCF2937
Қала әкімінің орынбасары Е. Мәметеков пен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы А. Жұмабаева Республикалық ҚАЗТЕСТ диогностикалық тестілеуден өткені үшін сертификатқа ие болды. 
Қазақ тілін оқытудың мақсаты – тыңдаушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, грамматикадан алған білімдерін басшылыққа ала отырып, сөз тіркесінен сөйлем құрауға дағдыландыру, қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға үйрету. Осы мақсатта биыл қазақ тілі курсында 7 топ, 124 тыңдаушы, қазақ тілі мен ағылшын тілінде 214 тыңдаушы білімдерін жетілдірді. Соның ішінде, мемлекеттік қызметкерлер саны – 58.
Осы жылдың желтоқсан айында қазақ тілінен орта деңгей В1 І тобынан – 17, орта деңгей В1 ІІ тобынан – 20, ағылшын тілінен жалғастырушы деңгей – 4. Барлығы 41 тыңдаушы қорытынды емтихан тапсырып, сертификатқа ие болды. Соның ішінде, 31 тыңдаушы мемлекеттік қызметкерлер.DSCF2946
Салтанатты шарада қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы С. Алматова құттықтау сөз сөйлеп, мемлекеттік тілді насихаттауға үлес қосып, қарауындағы қызметкерлерінің білім алуын ұйымдастырғаны үшін мекеме басшыларына және сабаққа ұдайы қатысып жүрген тыңдаушыларға алғыс хат тапсырды. 
 
 
Мұрат Жүнісұлы.
Арқалық қаласы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓