Қостанайда көліктің жаңа түрі құрастырылмақ
Көршілес екі ел бірігіп көлік шығаруды ойластыруда. Қытай мен Қазақстан мамандары «Jac» маркасындағы темір тұлпарды 2016 жылдың аяғынан бастап сатуды жөн көріп отыр.-«Jac» көлігін Қостанайда «Агромаш Холдинг» заводы құрастыратын болады. Әзірше дайындық үстіндеміз. Келер жылдың қазан аяында сақадай сай боларымыз сөзсіз. Қостанайдағы алғашқы жұмыстар тек дәнекерлеу мен бояу ғана, – дейді «Allur Group» директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев.
«Агромаш Холдинг» АҚ -ның баспасөзінде хабарланғандай Jac көілігі Ресей мемлекетіне де сатылымға шығады.
Кенже ҚОНЫСБАЙ
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ