Мария табылды
Бүгін әлеуметтік желілерде Қостанай қаласында 13 жасар Мария Кравчук атты қыздың жоғалғаны туралы хабарлама тараған болатын. Хабарлама полицейлер тіркеуге алып, іздеу шараларын ұйымдастырды. Қылмыстық полиция Басқармасы бастығының орынбасары, полковник Амангелді Мұхаметқалиевтің айтуынша, жеткіншектің жоғалғаны туралы ешкімнен ешқандай арыз келіп түспеген. Сонда да болса, желілерде жарияланған ақпарат жан-жақты игерілді. Хабарлама астында көрсетілген телефон нөмірлері сөндірулі болып шыққан.
Тексеріс барысында анықталғандай, Мария 3-желтоқсаннан бастап мектепке келмеген. №14 мектептің директоры В.Михайленконың айтуынша, қыздың ата-анасы оның ауырып қалғанын айтқан. Сондықтан қайталай мазаламауды жөн көрген. Ал ата-анасы Мария оқу үлгірімінен қалмауы үшін мектептен тапсырмалар әкетіп тұрған.
Қыздың анасы Ольга Кравчук 20 желтоқсанда Мария үйден шығып кетіп, телефонын сөндіріп тастағанын айтқан-ды.
-Біздің полицияға жүгінбегеніміздің себебі, ол үйге қайтып оралар деп ойладық. Қызым үйге екіінші түн қонбаған соң ВКонтакте әлеуметтік желісіне хабарлама жаздым. Қызым маған хабарлама жазып, келетінін айтқан. Кейін тағы үнсіз қалды. Артынан құрбысы байланысқа шығып, сол арқылы үйге алып келдік.
Марияның өзі бұл қадамға баруына өгей әкемен арадағы кикілжің себепші екенін айтты. Жалпы ол бұған дейін үйден ешқашан бейуақ шығып көрмеген. Салмақты, ұстамды қыз екенін танитындардың бәрі айтып отыр.
Қазір бұл жағдайға мектеп психологы мен ювеналды полиция инспекторы да араласты.