Жоғалған бала табылды
Осыдан бірнеше күн бұрын «Қостанай таңы» газетігің сайтында 14 жасар балаға іздеу жарияланғаны туралы айтқан едік. Қостанай ауданы ІІБ қызметкерлері Михаил Ольмезовты 5 күн бойына іздеген болатын. Арнайы іздеу топтары құрылып, қызметтік иттер қолданылып, ұшақпен тінту жүргізілді. Нәтиже жаман емес. Әл-күші кеткен Миша Арман елді-мекені маңында, жазық далада табылды.
23 сәуір күні баланың анасы полицияға жолығып, ұлының жоғалып кеткені туралы айтқан. Кешкілік үйден шығып кеткен жасжеткіншек қайтып оралмаған. Әйелдің сөзінше ол соңғы күндері бірнеше рет үйден қашып кетуге әрекеттенген.
Аудандық ІІБ дереу іздестіру тобы құрылып, баланы қалай да болса табу мақсаты қойылды. Топты Қостанай аудандық ІІБ бастығы Марат Исергепов басқарды.
Тәртіп сақшылары мен қоса бұл шараға жергілікті тұрғындар, құтқарушылар да ат салықсты. Соңғы рет оны веловипедпен Майкөл ауылынан Қостанай қаласына қарай бара жатқанын көркендер де табылды.
Құрамында әкімшілік полиция қызметкерлері полиция капитаны Василий Докин мен полиция лейтенанты Есжан Мейрамов бар іздестіру топтарының бірі Арман елді-мекені маңын тінтіген еді. Бұталардың арасынан бала денесін көріп қалған. Жақындай келе оның Михаил Ольмезов екеніне көз жеткізеді. Жауын астында қалған жасөспірім әден тонған. Тәртіп сақшылары оны дереу аудандық ауруханаға жеткізген.
Махаббат Бекбай