“Құжатты орысша толтыр!” Қазақ қашанғы жалтақтап өмір сүрмек?

Үйіміздің кенжесі телефонын жоғалтып алып, туған күніне жаңасын алып беруді ойлаған анам екеуміз дүкенге жол тарттық. Қостанай қаласындағы «Март» сауда орталығындағы «Технодом» дүкендер желісін аралап көрдік. Кіре берісте жарнама тақтасында ұялы телефондарға жеңілдіктер қарастырылғанын оқып, кәдімгідей қуанып қалдық. Қазір қалтаңда ақшаң болса, талғамыңа сай қалағаныңды сатып аласың. Бірақ, бізге ұнағанына қаражат жетпегесін несие рәсімдейтін болып шештік. Қазір оның несі ұят, адамдардың басым бөлігі техника мен қажетті жиһазын несиеге алып жатыр емес пе? Сауда орталығында әр түрлі банк қызметкерлері қаз-қатар тізіліп отыр екен. Олардың жылдық пайызы да әр түрлі. Сұрастырып, байқап көріп «Еуразиялық банк» қызметін пайдалануға бекіндік. Бізге 23-25 жас шамасындағы Сәуле Арыстанова есімді бойжеткен қызмет көрсетті. Анам зейнеткер болғандықтан көз жанары өте ұсақ әріптермен жазылған банк пен сатып алушы арасындағы келісім-шартты әрең дегенде оқып шықтық. Банктың пайыздық мөлшеріне көңіліміз толып, құжат толтыруды бастадық. bank_services_onlineЕң сорақысы, келісім-шарт толтырарда болды. Екі тілде қазақ және орыс тілінде жазылған құжаттарға қол қою керек. Бірақ, ең соңында «Келісім-шартты оқып шықтым, банк қойған талаптармен толық келісемін» деген сөзді өз қолыңызбен жазбаша толтыруыңыз керек екен. Біз онымен келісіп, толтырып жатырмыз. Сонда Сәуле: – Заполняйте на русском, на казахском не принимается. За это нас ругают, поймите, пожалуйста!- демесі бар ма. тил-Егемендік алғанымызға 24 жыл болды. Әрі сіз де, мен де қазақпыз, қазақша түсінеміз. Өз тілімізде еркін сөйлейміз. Құжат та екі тілде, клиенттің өз еркі емес пе қай тілде толтырса да. Оның үстіне Мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Неге орысша толтыруымыз қажет. Анам бұрынғының адамы, орысша дұрыс жаза алмайды, бұл не мазағыңыз?-деп мен көтеріліп кеттім. 
-У нас всегда так было. Не создовайте проблем, заполнайте на русском, я вам продиктую елси не знаете русский язык, тут ничего сложного нет! Не спешите! У нас работа такая, поймите, давайте я вас быстрее отпущу, там еще люди ждут, вы же не одни»- деп қысқа қайырды банк қызметкері. Осы әңгімеден кейін, шынымды айтсам, қатты қапаландым. Өзім 15 жасыма дейін Өзбекстанда тұрып, Елбасының сындарлы саясаты «Нұрлы көш» бағдарламасы аясында Қазақстанға қоныс аудардым. Бала кезімді еске алсам, Өзбекстанда қай ұлт болғаныңа қарамастан тек мемлекеттік тілде сөйлейсің. Орысың да, қазағың да керек десең корей ұлтының адамдары да мемлекеттік (өзбек) тілін еркін меңгеріп алған. Сауда орталықтарында, базарда, қай жерде жүрсең де Мемлекеттік тілде сөйлемесең, саған қызмет көрсетуден бас тартады. Өз тіліңде тек отбасында, ошақ қасында сөйлесуге рұқсат етілген. Отанға оралған қандастарымыздың басым бөлігін солтүстік өңірлерге орналастыруының өзіндік себебі бар. Ресеймен шекаралас жатқан Қостанай өңірін алсақ, оралмандардың келуімен қоғамдық көліктерде, білім ордаларында қазақтардың саны көбейіп, қазақша сөйлейтіндер қатары өсті. Ұмыт болып бара жатқан ата салттарымыз бен әдет-ғұрпымыз қайта жанданды. 
Осы жайттарды ескере келе, неге қазақ өзге тілде сөйлеп, құжатты өзге тілде толтыруы керек деген ойда қаласың. Біз Ресейдің азаматы емеспіз ғой. Қашанғы қазақ жалтақтап өмір сүре береді. Шын мәнінде, жоғарыда айтылғандай, оқиғалар көптеп кездесіп жатады. Бірақ та, оған өзіміз мән бермей, айтқанға көніп жүре береміз. 
Қазақта: «Мен жанбасам лапылдап, сен жанбасаң лапылдап, ол жанбаса лапылдап, аспан қалай ашылмақ?!»-деген сөз бар. Бұл жерде кімге кінә артуға болады? Қазақша түсінбейтін банк қызметкеріне ме, әлде қазақ тілін қажет етпейтін банк басшылығына ма? Жазылған мақала оқылып қана қоймай, әрбіріңіздің көкейлеріңізде ана тілге деген жанашырлық оянса екен деген тілек бар. 

Дамира ҚОЖАХМЕТОВА

You may also like...

2 Responses

  1. Дана айтты:

    Банк қызметкерлері, сатушылар т.с.с.қазақ тілін ең соңынан үйренуі мүмкін топтағылар.Түсініктері сондай:бір қарағанан ақ неше мыңның киімімен тұрсың соған қарап баға береді. Басың істей ме ол маңызды емес.Себебі басы істейтін адамдар жақсы және қымбат киінуі тиіс.Ал тіл білу жағына келсек қазақ тілін тіпті қор санайды. Ал, түсініктерін өзгерте аласыздар ма?Адамның сондай сорты бар- тек аксессуар мен киім арқылы ғана бағалайды. Оларды өзгерту қиын.Өйткені бұл-құдай қойған диагноз.Тіл де солай.

  2. Назерке айтты:

    Керемет.Сизге толык қосылам.Осындай соракылыкты көргенде  менинде журегим кан жылайды казак тилин жана жылдык шыршага уксатам тек жана жылда безендирип койылады ал казак тили тек ………………………..

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓