«Сүйгендеріңізді бағалай біліңіздер»
Өнер десе, ішкен асын жерге қоятын кеншілер қаласы эстарада жұлдыздарының концертерін жіберіп алмауға тырысып, рухани демалғанды құп санайды. Ата-бабамыздың аңсаған арманы Тәуелсіздік мерекесі қарасаңында жұлдызды жұп Жазира Байырбекова мен Жанболат Ербатыров есеп беру кешін өткізді. Сахна мен өмір айдынында қол ұстасқан қос аққу секілді Жанболат пен Жазира – қазақ эстрадасында орны бөлек жандар. Сыңғырлаған нәзік үнді Жазираның «Армандай беремін», «Сен маған сүюді үйреттің» әні үлкен сұранысқа ие. Әсіресе, жұптасып айтатын әндері ғашықтардың әнұранына айналды десек артық емес. Концерттен кейін әншілермен сұхбаттасуға мүмкіндік алған болатынбыз.
-Рудный қаласына қош келдіңіздер! Бұл есептік концерттеріңіз неге біздің кеншілер қаласынан бастау алды? Елді мекенді аралап, халықпен жақын араласу туралы ой қайдан шықты?
Жазира: Жалпы бұл идея көптен ойымызда жүретін. Біз үлкен сахналарда қойылатын концерттерден қалмай, халықпен жақын араласуды ұмытып кететін жайттарымыз болады. Бұл жолы Жанболат екеуіміз ақылдасып, шалғайда жатқан ауылдағы ағайындармен жүздесіп, бетпе-бет кездесіп, ол жандарға қандай әндеріміз ұнайды, қандай әндер сұранысқа ие екенін білу мақсатында ұйымдастырып отырмыз. Ал неліктен Рудный қаласы деген сұрағыңызға біз бұдан 4-5 жыл бұрын «Менің Қазақстаным» атты пойызымен елді мекендерді аралағанда, осы қалада концерт қойып едік. Өзі шағын ғана, тап-таза, жап-жасыл қала болып көрінді. Бұрын бұл жерде қазақ аз деп естігендіктен, солтүстік өңірінде концерт қоюға жүрексінетінбіз. Сол кезде келгенде бар қауіп сейіліп, кеншілер қаласында қазақи салт-дәстүрді мықтап сақтап қалған мәдениетті, өнер десе бар шаруасын тастап, келген әншілерге үлкен ілтипат көрсететіндігін көріп қатты риза болып қалдық. Сол кезде осы қалаға тағы бір айналып, концерт қоямыз деп іштей бекінген болатынбыз.
-Шырқаған әндеріңіз терең мағыналы, әрі тақырыптары көпшіліктің көңілінен шығып жатады. Тыңдармандарыңыздың жас ерекшеліктері де әр түрлі. Әннің хит болуы кімге байланысты, ән таңдауда кімнің талғамына жүгінесіздер?
Жанболат: Біз, қандай жұмыс жасасақ бәрі де алдын ала ойластырылады. Ән таңдау мен киетін киім мен түсірілетін бейнеклиптің барлығының бас-қасында бірге жүреміз. Қайта тартыстың арқасында шынайы, әдемі дүниелері өмірге келіп жатады. Жазираның көбінесе, менің талғамыма айтар шағымы жоқ. Осы жылдар аралығында бір-бірімізді айтпай-ақ түсінетін болдық.-Ерлі-зайыптылардың бір салада, әсіресе, өнер саласында жүруінің қиындығы бар ма?
Жанболат: Мұның ешқандай қиындығы жоқ. Бұл дегенің бір мекемеде қызмет атқарып жүрген ерлі-зайыптылар сияқты, біз де бірге халықтың алдында өнер саласында жүрген жұптармыз. Біздің таңдаған жолымыз, бағытымыз өнер болғандықтан, бір жүкті бірдей көтерсек мұның ауыры білінбей қайта жеңілдей түседі. Өнер жолының қандай екені де бізге түсінікті. Сондықтан қайда болсақ та бірге жүргендіктен, артық ұрыс-керіс, түсініспеушілік орын алмайды. «Қайда жүр екен?» деген уайым болмайды (күліп). Әнді де, киімді де бірге таңдап, көз алдымызда жүреміз. Өз сүйген жарың қасыңда жүргенге не жетсін?! Қарап тұрсаң бұл қиындық емес, бұл – нағыз бақыт! Бізден: «Бір-біріңнен жалығып кетпейсіңдер ме?»,- деп сұрақ астына алып жатады. Бірақ, шаршаудың орнына сүйген адам қасыңда жүрсе, қанаттанып кететін сәттер көп болады.
Жазира: Жақсы сұрақ екен (күліп). Қиындықтар да болып тұрады. Кейде концерт алдында қобалжу бар. Аяқ астынан ренжісіп қаламыз. Бірақ, мен сыр бермеймін. Түк болмағандай кейіп танытып сөйлесіп жүре беремін. Жанболат та сондай, кек сақтамайды. Сахнаға шығып ән айтқанда барлық ренішті ұмытып кетесің. Жастар арасында жиі еститінім: – Өзгелерге қарашы олар мүлдем ұрыспайды, әсіресе, Жазира мен Жанболат ұрыс-керіс не екенін білмейді. Неге біздер сол адамдар сияқты өмір сүрмейміз, – демек біз бір-бірімізге лайық емеспіз деп ажырасуға асығатындар бар. Соңғы кезде жастар жағы бір-бірін түсінбей, ұсақ-түйек мәселелерді шеше алмай жатады. Бірақ, бәрін де уақыт еншісіне қалдырған жөн. Мен тұрмысқа шыққанда небары 16 жаста болдым, ал Жанболат 21-де болатын. Басымыздан талай қиындықтар өтті. Жанболаттың мінезі мінсіз деп айта алмаймын. Бәріміздің де мінезіміз бар. Бірақ, кек сақтамау керек. Сүйген адамның жақсы қасиетін бағалап, қателескенде кешірімді болсаңыздар, қазіргі ата-әжелеріміз сияқты бақытты болуымыз өз қолымызда. Осы сәтті пайдаланып, барлық отбасылы жандарға сүйгендеріңізді бағалай біліңіздер дегім келеді. -Сахнамен қатар үй шаруасын бірге алып жүру қаншалықты жеңіл?
Жазира: Мен сахнадан, жол жүруден тағы басқа да нәрседен шаршағанда демалу үшін үй жұмыстарын істеймін. Тамақ пісіріп, үй шаруаларын атқарып, ойымды өзге арнаға бұру арқылы шаршаған көңілімді тыныштандырып аламын. Сондықтан үйдегі жұмыстар мені шаршатпайды, керісінше мені сергітіп, миым тынығып қалады. Бірақ үй шаруасымен күнде айналысамын деп айтпай-ақ қояйын. Өйткені, біз отбасында үшеу болғанымызбен, өзіміз ғана тұрмаймыз. Үйге келетін қонақтар бар, кейде жұмыс істейтін ағайын-туыс та келеді. Әйтеуір, үйімізден адам үзілмейді. Барлығы да сенімді, жақын адамдарымыз. Жанболат екеуміз де көп балалы отбасынан болғандықтан, көпшілік ортаны, үйімізде де көп адамның болғанын қалаймыз. Сондықтан да есігімізді қаққан адамды төрімізге шығарамыз. Келген қонаққа көңіл бөліп, мәре-сәре болып жататынымыз бар. Сахнада әнші болғанмен өмірде жар, ана болғандықтан үй шаруасын дөңгелетіп әкетуге ешқандай кедергі жоқ.
–Жазира әпке, негізі қыздың қай жаста тұрмысқа шыққан дұрыс деп санайсыз? Өйткені, осы әншілік өнеріңізден бөлек қыз ұзату салтын жасап, үйлену тойларына қатысып жүрсіз ғой.
Жазира: Өзім ерте тұрмыс құрғаннан кейін ерте шыққан дұрыс шығар деп ойлаймын. Алла қаласа, өзім де жас келінді шаңырағымызға түсірсем деймін. Өзім қай жаста тұрмысқа шықсам, келінімнің де сол жас шамасында босағамызды аттағанын қалаймын. Өйткені, 17-18 жасар қыздардың өмірге деген ұстанымы, көзқарасы енді қалыптасатын кез. Бұл жаста бойжеткен тәрбиеге көніп, тез бейімделгіш, тіл алғыш болып келеді. Ал, жиырма бестен жоғары жастағы арулар өмірлік ұстанымдары мен қағидаларын анықтап алғандықтан, келін болып барған отбасына сіңісіп кетуі, меніңше, қиын болу мүмкін. Ол үйдің мүшелері мен қыздың ойы, пікірі, мінез-құлқы бір-біріне сәйкес келмей жатады. Келін өзінің бағытымен өмір сүргісі келетін жағдайлар да кездеседі. Бірақ нақты осындай деп кесіп айтуға да болмайды. Өйткені, кей жағдайда отбасын кеш құрып, ата-енесінің тілін тауып, бақытты болып жүргендер де баршылық. Ал, жалпы қыз қай жаста тұрмысқа шықса да сол үйдің тәрбиесіне бейімделіп, отымен кіріп, күлімен шығуға тырысқаны жөн деп ойлаймын. Ал қыз ұзату мәселесіне келсек осы уақытқа дейін 100-ден аса аруды ақ босаған аттап, ақ отау құруына шығарып салдым. Бұл – табиғат заңы. Әйел адам сүйген адамына тұрмысқа шығып. Сол отбасының отын жағып, ана атанып бесігін тербетеді.
-Рудныйда өткен концерт көңілдеріңізден шықты ма? Алда тағы қандай жоспарларыңыз бар?
Жанболат: Әрине, мұндай үлкен дәрежеде өтеді деп күтпеген едік. Залда бос орын болмағандығына қарап, біздің өнерімізді бағалайтын тыңдарманымыз көп екенін көріп, алғашқы сахнаға шыққанда көңілім бір босады. Жас пен кәрі белсенділік танытып, гүл шоқтарын беріп, өздерінің ыстық ықыластарына бөлеп жатқандарына алғысым шексіз. Біз өнер адамдарына шабыт беретін де осы тыңдарманның қол соғып демегені ғой. Қазір экономикалық ахуал қиын дейміз. Бірақ, рухани дағдарыс орын алмаса болғаны қалғаны, қорқынышты емес. Концерттік бағдарламаларымызды Қазақстанның барлық аймақтарында солтүстік, оңтүстік, батыс пен шығыстың шалғай аудан-ауылдарында қоюды жоспарлап отырмыз.
-Алла әрбір істеріңізде қолдасын, алға қойған мақсаттарыңыз орындалсын! Сұхбаттарыңызға рахмет!

Дамира Жүсіпбекқызы
Суретті түсірген Қуаныш Есқабыл
Суретті түсірген Қуаныш Есқабыл