Айлығы шайлықтан артылмайтындар көп

Мұндай деректер Лисаков қаласының жергілікті сайттарының бірінің бетінде жүр. Қаланың мемлекеттік кірістер басқармасының жетекшісі А.Кожуков мәлімдепті. Сөзінше, қаладағы жұмыс берушілердің 46 пайызы жалданушыларына 30 мыңнан төмен жалақы төлеп келеді. айлыкБірақ салық басқармасындағылар бұл «сипырға» сенбейді. Өйткені, қолдарындағы есеп бойынша, орташа айлық көлемі 55 мың теңгеден төмен болмауы тиіс. Ал статистикаға сүйенсең, тіпті 89 мыңға дейін жуықтауы керек. «Қазір бизнес саласында айлықты «конверт» арқылы төлеу тәжірибесі белең алып тұр. Жобалағанда, бюджет шығыны 26 млн.теңгеге жуықтайды»,-дегенді айтады А.Кожуков.
Оның қолында бар мағлұматтарға сенсек, 2400 лисаковтық ешқандай тіркеусіз немесе екіжақты рәсімделуі тиіс еңбек шартынсыз нәпақа тауып жүр. «Бұл жағдай,-дейді басқара жетекшісі,-сәйкесінше, салық төлеуден жалтаруға әкеліп, бюджет қоржынына 167 млн. теңге кем түседі».
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓