Бауыр торты
Қазақ бауырды тек қуырдақ үшін қолданатын, біз де солай үйреніп қалғанбыз. Бірақ бауырдан дәмі тіл үйіретін торт әзірлеуге де болады.
Керекті азық-түлік:
Бауыр – 500 гр
Жұмыртқа –2 дана
Сүт – 1 стақан
Өсімдік майы – 0,75 стақан
Сарымсақ – 2 (бас)
Ұн – 1,5 стақан
Тұз, қара бұрыш
Арасына:
Майонез – 200 гр
Сарымсақ – 2 (бас)
Сәбіз, жуа
Үстіне:
Аскөк
Алдымен бауырды еттартқыштан өткізіп, сүт + өсімдік майын + езілген сарымсақ + ұн+тұзын бұрышын саламыз. Сосын табаға құймақ сияқты пісіреміз. Болған соң әр күлшенің арасына майонезбен езілген сарымсақты, үккіш-тен өткізіп қуырылған сәбізді араластырып, жағып шығамыз. Үстіне аскөк себеміз. 5-6 сағатқа сіңдіріп қою керек.
АС БОЛСЫН!