Ақылбек Шаяхмет: “Серпін бағдарламасын қолдаймын”
– Бір сұхбатыңызда «Қостанай қазақбайшылығы жоқ, қазақылығы бар, тура айтса да туысына жақпайтын турашылдығымен қымбат» деген екенсіз. Қазақбайшылығы жоқ, қазақылығы бар екендігін қаламен танысу барысында түсіндім. Ал «тура айтса да туысына жақпайды» деген сөзіңізді кеңінен түсіндіріп жіберсеңіз…
– Қазақта «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген сөз бар. Бұл дегенің дипломатияға салынбай, көргенді көрдім деу, білгенді білдім деу. Біздің Солтүстік Қазақстанның, соның ішінде Қостанай қаласы қазақтарының бір екершелігі – орыс арасында өскен халық болғандықтан, орыстың жағымсыз мінездерінен бөлек жақсы мінездерін де бойына сіңірген деп айтуға болады. Яғни, жұртқа кешіріммен қарау, бүгін ұрысса, ертең ұмытып кету, кек сақтамау немесе ойында тұрған шындықты жүзіңе тіке айта салу деген сияқты жақсы мінездерді бойына жұқтырған. Ұлы Абай айтқан «Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ» деген жаман қасиеттер, жалғыз Абай емес, одан бергі Шәкәрім, Мағжан сынды ақындардың көкейін тескен, сыналып жүрген қазақбайшылық, қазақтың жағымсыз мінездерінен арылсақ, былайша айтқанда «жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренсек» деген мағынада айтылған сөз.
– «Қаладағы сәулет пен мүсінде, көшеде қазақ иісі аз, тіпті жоқтың қасы» дегенсіз. Осы жоқты бар етіп, барды одан әрі дамыту кімнің қолында?
– Жоқты бар қылу, барды жоқ қылу, ең алдымен, бір Алланың қолында. Одан кейін халықтың қолында. Осы халық сайлаған немесе үкімет тағайындаған әкімдер халықтың сөзін сөйлеуі керек. Кеңес Одағы заманында біздің барлық қаламыз орыстанып кетті, көптеген көшелерімізде орысша атаулармен аталды. Айталық, біздің Қостанай облысындағы Рудный, Лисаков қалаларының өзі орысша аталады. Мысалы, Рудный қаласының қазақша атауы – Сарыбай, іргеде жатқан Затобол ауданының қазақша атауын қазақ әдебиетінің классигі Бейімбет Майлин «Жалбыр» повесьінде «Құттыалап» деп атап жазған. Қаламызда 150-тен астам көше бар болса, оның жиырмасы ғана қазақша аталады екен. Айталық, тәуелсіздік алғаннан кейін берілген Свердлов, Ленин, Калинин көшелерінің орнына Әл – Фараби, Абай, Ы.Алтынсарин, Ғафу Қайырбековтың аттарына өзгертілді. Бірақ, әлі күнге дейін біздің Қостанай өңірінде туып өскен қайраткерлеріміздің атындағы көшелер өте аз. Керек десеңіз, бүкіл қазақтың атын кезінде әлемге танытқан сахна саңлақтары, еңбек ерлері Елубай Өмірзақов, Әбілахат Есбаев, Біләл Аспандияров, Мұхтар Мурзин немесе алаш ардақтылары, айта берсек көп, қазақ ұлттық академиясының ыстығына күйіп, суығына тонған жерлестеріміз Манас Қозыбаев, Өмірзақ Сұлтанғазин, кешегі Ғабит Мүсіреповке сабақ берген Бекет Өтетілеуов сынды толып жатқан біртуар ғалымдарымыздың аттары неге берілмеске? Есесіне бізде ешқандай мән – мағынасы жоқ көшелер қаптап кетті. Айталық, «Колхозная», «Рабочая», «Совхозная» көшелері, тіпті жақында «казахская» деген көше пайда болыпты. «Казахская» деген атауды өзге елдегі қазақтар тұратын аймақтардағы көшелерге беруге болады. Біздің елдің өзіндегі қалада ондай атаудың болғандығы не сұмдық?! Сондай – ақ, орыстың ұлы жазушылары Толстой, Пушкин, Гоголдың атымен аталатын көшелер бар. Олардың Қостанайға еш қатысы жоқ. Бізде тағы Ярослав Гашек атында көше бар. Қазақтан шыққан тұңғыш дәрігер Мұхаммеджан Қарабаевтың есімін бергізе алмадық. Мысалы, Ярослав деген кім? Ол кешегі ақ гвардияшылардың қатарында болып қалаға келген, Қостанайда бір-ақ күн, яғни, 24 сағат қана қалада болған адам. Әрине, ол әлемге танылған жазушы. Бірақ, оның біздің Қостанай жеріне, біздің қазақ еліне ешқандай қатысы жоқ адам. Сондықтан да, алда атқарылуы тиіс жұмыстар қыруар деп айтуға болады.
– Қазақылық, қазақбайшылық деп жатырмыз ғой, оның ішінде тіл мәселесі де жатыр… Қазір Солтүстік өңірлерді қазақтандыру мақсатында құрылған «Серпін 2050» бағдарламасы жөнінде не айтасыз? Бұл бағдарлама Қостанай өңірінде қалай жүзеге асып жатыр деп ойлайсыз?
– Бозбала кезімде Қостанайдың жалғыз қазақ мектеп-интернаты болды. Сол кезде қыстың қақаған суығына қарамай, қаланың сыртында тұрсам да сол интернатқа балаларымды беріп, балаларымды қазақша оқыттым. Одан олар ешқандай да кем болған жоқ, екі тілді де бірдей меңгеріп, басқа тілдерді де қоса меңгерді. Ал қазір қазақ мектептері көбейіп жатыр. Бірақ, өкінішке қарай, біздің қазақ отбасыларының ішінде, қазақ ата-аналарының ішінде әлі күнге дейін балаларын орыс тілінде оқытқанды мақұл көретіндер бар. Меніңше, олар қатты қателеседі. Себебі, мемлекеттің болашағы – қазақ тілінде. Қазақ тілін білмеген адам ертең елбасы бола алмайды, қазақ тілін білмеген адам ертең парламентте отыра алмайды. Қазір олай отырған көп, бірақ ол жағдай ертең демографиялық жағдай өзгергеннен кейін бәрі де өз қалпына келеді. Мысалы, қазақтықтың қаймағы бұзылмаған Торғай өңірінің аймағында орыстардың өзі қазақ тіліне құрмет білдіріп, қазақ тілінде сөйлейді. Жангелдин ауданында Иванов атындағы орыс мектебі бар. Ондағы педагогикалық ұжым мен білім алып жатқан балалар да қазақтар. Ал бізге бұл орыс мектебі не үшін керек? Бұдан жиырма бес жыл бұрын керек болды. Ал қазір бізге ағылшын, француз, қытай тілдері керек. Сондықтан, мен бұл мектептің әлі күнге дейін не үшін орыстілді мектеп болып сақталып қалғандығына таң қаламын.
Ал, «Серпін – 2050» бағдарламасын мен қолдаймын. Бұл бағдарламамен грантқа түскен балалар үшін мүмкіндіктер көп. Бағдарламаның болашағы үлкен ғой деп ойлаймын. Ертең бізге келген 400-ден астам баланың жартысы еліне қайтып кеткенімен, қалған тең жартысы қалада қалса, олардың алып жатқан мамандықтары ертең қаланың экономикасын көтеруге қажет болады деп ойлаймын.
– Сондай-ақ, «Босқа өткен күндеріме өкінемін, аз да болса іс-әрекет жасаған күндеріме шүкіршілік қыламын» дегенсіз. Ал қазіргі уақытта күндерін бос өткізіп жүрген қазақ жастарына не айтар едіңіз?
– «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық – аздырар адам баласын» деп Абай айтқандай, қазіргі қазақ жастары жаман дейтін жат қылықтардан аулақ жүрсе екен деймін, білімге құштар ұл болса екен деймін. Өйткені, байлық та, барлық та қалған уақытта адамда тек білім қалады. Сондықтан, қазақ жастарының білімге құштар болғандығын қалаймын.
– Жаһандану үдерісінде ұлттық болмысымыздың келбеті қандай болады деп ойлайыз?
– Біз мына жалған дүниені үлкен бір мұхитқа теңейтін болсақ, сол мұхиттағы алып кит немесе акула болсын өзінен кішкентай жәндіктерді, тіршілік иелерін жұтып қояды. Жаһанданудың аз ұлтты елдер үшін жақсы жағынан гөрі кесапаты көбірек шығар деп ойлаймын. Сондықтан, әрбір кішкентай ұлт, соның ішінде біздің қазақ ұлты, әсіресе өзінің тілі мен дәстүрі бай ұлт, тілін, дінін, ділін және дәстүр-салтын сақтауы үшін, сондай-ақ, атамекенін сақтауы үшін жаһанданудың апанына жұтылып кетпеу үшін тамыры терең, берік болуы керек. Тамыры терең бәйтерек қана жапырағын кеңге жаяды.
– Сіз үшін өмір деген не және өмірдің мағынасы неде?
– Өмірдің мағынасы – ешкімді ренжітпей, өзің де ешкімге ренжімей, былайша айтқанда пендешіліктен аулақ болып өмір сүру, мақтан сүю мен мансапқа құл болудан сақтану, құл болсаң, тек жалғыз Аллаға құл болу. Бұл жайында жақында ғана жазған өлеңім бар :
«Өмір асау өзеннің ағысындай,
Мойынға салған жүкті ауырсынбай,
Тұңғиық су түбіне батып кетпей,
Өткелден өтсем болды сағым сынбай»
Осы өлеңде менің сол өмірге деген көзқарасымның негізі тұр деп айтуға болады.
– Уақыт бөліп, сұхбаттасқаныңыз үшін көп рахмет!

Сұхбаттасқан : Жұлдыз Қадірова
жарайсың,Жұлдыз. сұхбат керемет шыққан.сұрақтарды қоярда көп ізденгенің көрініп тұр.тек қана алға!)
Керемет.Тек кана енбектенуден талма. Саған сенем
Рахмет, Сарам және Назерке!
Жақсы.Жұлдыз КМПИ студенті ме әлде ҚМУ-ден бе?
Ақылбек атаны жұрт біледі. Ол неге көше атауларына өзі кіріспейді, беделі де орыс пен қазақтан т.б. ұлттан құзырлы таныстары да аз емес қой.Ал құр ғана өлеңмен ештеңе бітпейді. Егер үкімет берген атақтарым болса мен аянбас едім.Сосын! Оның "пирамдида" кітабының ішіндегі бір-екі өлеңінен басқасы сапасыз, маған ұнамайды. Және! Кітаптарын неге жұрт іздеп оқымайды?Ол неге жазда сәкіде отырған кітапханашы қыздарға "мы тут загораем, да" дейді? Блатной демек.Шансон айтпай ма.Мүмкін өзі айтатын "түске дейін имам, түстен кейін иван" дегені өзі жайлы шығар.
КМПИ студенты
Биіктерге самғай беруіңізді тілеймін, Жұлдыз.ҚМУ бір мүйізі қараға
Биіктерге самғай беруіңізді тілеймін, Жұлдыз.ҚМУ атағы жер жарған профессорының пікіріне сенсек, "Филфакті бітіргендер немесе педагогтер ешқашан журналист бола алмайды. Бос далбаса" көрінеді. Бірақ өзіңіздей жастарды көріп бұл пікірдің аксиома емес, пенде сөзі екеніне тағы бір көзім жете түседі.Және "өзің жайлы әңгіменің көптігі де өзіңнің қаншалықты қызғануға тұрарлық екеніңді білдіреді" деген пікір де рас. Яғни өмірде дұшпан саналып жүрген санаттағылар да кісінің қангшалықты өскенін одан артық екеніне берілген әділ баға болады. Асанәлі Әшімов ағамызша немесе Ақылбек Шаяхметов ата сияқты айтқанда"Дұшпаным, саған рахмет" дегеннің мәні сол.
Мен журфактен шығар десем. "Филфакті бітіргендер ешқашан журналист бола алмайды"деген пікірдің иесі атағы дардай ҚМУ профессоры. Бірақ бұл пенде пікірі-аксиома емес. …Қырандай күшті қанатты мен жастарға сенемін!Жұлдыз, өзіңіз сияқты жастарға.Жақсылық тіленймін.Осындай өрендерді сұқ көзден, сұғанақ тілден сақтасын.
Пікір білдіріп, қолдау танытып жатқандарыныз үшін алғысым шексіз! Айтылған пікірлерді ескеретін боламын. Ал, менің нағыз журналист атану – атанбуым болашақтың еншісінде деп ойлаймын.
Ал, профессор сөзімен быр жағынан келісуге де болады. Меніңше, ол кісі шығармашылықты журналистикамен шатастыратын филологтардан журналист шықпайды дегісі келген. Ал, нағыз журналист атану үшін журналистикада оқу емес, өз табиғатыңды сол салаға лайықты деп тану маңыздырақ деп есептеймін. Осы сөзімді профессор ағай атағына сай кісі болса, түсінеді деп ойлаймын
Жұлдыз-жарық, ақыл-парасатыңызды бағалаймын және сол үшін құрметтеймін. Бұл жер пікірталас орны. Сондықтан өз басым былай деп есептеймін: "Шығармашылық бір бөлек, журналситика бір бөлек дүниелер"Екекуін бірдей алып жүрушілер аз.Не таза журналистика, не шығармашылығы таразының бір басын басып тұрады.Ал профессор ақсақалға келсек, ол анық ара жігін бөліп айтты.Оқу орнында үміткер жастардың алдында."Сондықтан бірден біліп қойғандарың жөн, филфакке барып журналист болмайсыңдар. Журналист болам дейтін адамның кәсіби білімі болуы керек". Жасы келіп қалса да атақты кісінің ниеті жас ұрпақтың шатаспай жол табуы екені белгілі.Маған тек сөздің әділі ғана керек,жалған сөзге жаным қас.Өмірде қаншама жақсы кітаптар бар. Бірақ авторлары кәсіби жазушы немесе журналист емес. Жазғандары публиц. дүниелер немесе көркем проза.Бірақ кәсібиің жаңағы авторға ілесе алмайды.Филолог болу оңай емес. Шын филолог, шын ғалым, талантты жазушы өте аз. Елде де, әлемде де.Неге аз? Себебі атақты сатып алады, кездейсоқ адамдар.Шын ақындардың, әншілердің ел ішінде кездесіп жататыны естіге аян.Олар оқымаған немес басқа салаға кеткен. Бірақ құдай о баста бергені бәрібір жоғалмайды-дауыс, талант,стиль.Иә, талант мұқалады, дауыс қартаяды. Стиль мен мінез өзгермейді.Достар, журналист ешқашан филолог бола алмайды!
Құрметіңіз бен білдірген пікіріңіз үшін шын алғысымды білдіремін.
Мейрамкүл деген замандасым ба, қарындасым ба, жазғанына қарным ашып отыр.Ақылбек ағайдың арқасында десек те болады, жақында қаладағы Герцен көшесі Қобыланды батырдың атьымен, Таран көшесі Тәуелсіздік көшесі деп аталатын болды. Оның қалалық админстрацияда сөйлеген сөзін қараңыздар. Ал "Пирамида" деген кітапты мен де оқығанмын. Ол прозалық кітап қой, қайдағы өлеңді айтып отырсыз? Әлде тиісерге қара таппай қалдыңыз ба?