«Тәуелсіздік- ел тірегі!»

Міне, осындай атпен Арқалық қаласындағы «Золотой ключик» бөбекжай-балабақшасында көркемсазды мерекелік ертеңгілік болып өтті.
Балабақшамыздың барлық топтарында жас ерекшеліктеріне қарай ұлттық мерекемізге тақырыптық тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. «Қуыршақ» тобы балдырғандарының қатысуымен әзірленген «Тәуелсіздік – ел тірегі!» атты көркем сазды мерекелік ертеңгілікте кішкене балалар өздерінің ән-билері мен тамаша тақпақтарынан шашу шашты.SAM_0656
«Тәуелсіздікті қалай түсінесің?»- деген сұрақтарымызға  бүлдіршіндеріміз  ең алдымен Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының рәміздері туралы айтып, жауап берді.   Ал, ертеңгілікте  бүлдіршіндеріміз туған жерлеріне, Отанына, Мемлекеттік Рәміздеріне деген айрықша құрметтерін көрсетіп, жаттаған тақпақтарын, әндерін айтты. Балабақшадан мол тәлім-тәрбие алып, ұлттық өнердің нәрімен сусындап өсіп жатқан  балапандарына қызыға қараған ата-аналар да мерекеге деген көңілдерін, ықыластарын  ұлттық ойында көрсетті. Белсенді атсалысты. Алғыстарын жеткізіп, ризашылықтарын білдірді.
 
А. ЖҮСІПБЕКОВА,
Ж. МӘУЛЕНОВА
Арқалық қаласы
 
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓