Есепшілер еселеп жеген
Қостанай қаласының №2 сотына «КБ-911» ЖШС-де бас бухгалтерлер қызметін атқарған 63 жастағы және 41 жастағы азаматшаларға қатысты қылмыстық іс түсті.
Олар аса ірі көлемде сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап етуде және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын бұзуда айыпталып отыр.Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлады.
Тергеу материалдары бойынша, 2007 жылдан 2012 жыл аралығында материалды жауапты тұлға болған әйелдер қаражат иемденген. Нақтырақ өздерінің банктік карт-шоттарына жалақы, тағы да басқа төлемдер түрінде қаржы аударып тұрған. Сонымен қатар аталған ЖШС-те жұмыс істемеген немесе жұмыстан шыққан адамдар атына көрнеу есептік-кассалық ордерлер жасаған. Өз ұрлықтарын жасырмақ болған есепшілер ЖШС жұмыскерлері атынан кассадан ақша алу кейін оны қайта тапсыру әрекеттерін жүргізген.
Бас есепшілердің заңсыз әрекеттерінің салдарынан ЖШС-ке жалпы мөлшері 43 047 724,72 теңге болатын айтарлықтай материалдық шығын келтірілген.
Қазір екі есепші ҚР ҚК-нің 176-бабы 4-бөлігі (1997 жылы редакцияда) және ҚР ҚК-нің 241-бабы бойынша айыпталып отыр. (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету) және (Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын бұзу).
Іс бойынша басты сот отырысы ағымдағы жылдың 28 желтоқсанына тағайындалды.