Әріптесіміз марапатталды
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Қостанай облыстық соты үздік қызметкерлер мен сот жүйесі қызметін көрсетуде аймақтық БАҚ-ның арасында байқау жариялаған болатын. Журналистер жұмысын БАҚ жұмысын үйлестіруші комитетінің төрағасы, облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі кеңесінің алқа төрағасы Арман Шамшиев пен ҚР соттар кеңесінің Қостанай облысы бойынша филиалының басшысы Бақытқазы Ордабаев бағалады.
Мемлекеттік тілде облыстық соттың қызметін көрсетуде көзге түскені үшін әріптесіміз, облыстық «Қостанай таңы» газетінің тілшісі Қыдырбек Қиысхан марапатталды.
Мемлекеттік тілде облыстық соттың қызметін көрсетуде көзге түскені үшін әріптесіміз, облыстық «Қостанай таңы» газетінің тілшісі Қыдырбек Қиысхан марапатталды.