“Алтын микрофон” иесі – Бекболат
XV халықаралық «Алтын микрофон-2017» байқауы да өз мәресіне жетті. Дарынды жас әншілерге жол ашып, қолдау көрсетіп келе жатқан дәстүрлі фестивальдің жеңімпазын анықтау екі күнге созылды. Жан-жақтан келген жас әншілер үшін сын сағатынан мүдірмей өтіп, болашаққа жолдама алудың маңызы жоғары. Байқаудың Гала-концертіне облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қатысып, өнер иелеріне сәттілік тіледі.

–Мұндай байқаулардың маңызын өте жоғары бағалар едім. Жыл сайын жаңа есімдер анықталып, олар түрлі деңгейдегі асуларды бағындырып жүргеніне куә болып жатамыз. Мысалы, осы сайыстың жеңімпазы Анна Уварова біздің өлкеміздің атағын шығарып жүргеніне күні кеше Елбасымен өткен концертте байқадық. Кеңес ағамыз бастаған қазылар алқасының, облыстық мәдениет басқармасының үлесті көп, ал билік тарапынын қашанда қолдау бола бермек, – деді облыс әкімі.



Бекболат – 11-сынып оқушысы. Кішкентайынан ән айтып келе жатқан әнші бала өнерлі отбасында өскен.


Осы байқауға Бекболаттың інісі Айдар да қатысып, жүлделі орындардың біріне ие болғанын айта кеткеніміз жөн болар. Ағайынды жігіттер дуэт құрып, ән салады. Болашағынан үміт күттірер жастардың есімдерін әлі талай естиміз деген сеніміміз бар.
Айтолқын АЙҚАДАМОВА