10 мың теңге пара талап еткен

Қостанай қалалық №2 сотына пара алды деген айыппен облыстық ішкі істер департаментінің жол патрульдік полиция батальонының қызметкері Д.-ға қатысты қылмыстық іс түсті.акша s
Айыптау қорытындысына сәйкес, 2015 жылдың 26 маусымында Д. өзінің қызметтік міндеттерін атқарып, жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау барысында жедел басқару орталығының операторынан «ВАЗ 21010» маркалы  көлік жүргізушісінің қауіпсіздік белбеуін тақпай келе жатқандығы туралы хабарлама алып, аталған көлікті тоқтатады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыруға полицияның станционарлық кеңсесіне келген полиция қызметкері құқық бұзушыға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырмауы үшін 10 мың теңге керектігін айтады.  Сол күні 10 мың теңге пара алған Д. сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлерімен жүргізіліп жатқан тергеу шарасы барысында ұсталады. Осылайша, Д. ҚР ҚК-нің 366 бабының  2 бөлімімен қарастырылған қылмыстық істі жасады деп айыпталып отыр.
Қылмыстық іс бойынша басты сот отырысы 3 тамыз күні  сағат 10.00-ге тағайындалды.
 
Қ.МАРАТҚЫЗЫ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓