Басты білім ошағы оқушылар қабылдамақ

Физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі, «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы филиалы 2016-2017 оқу жылына 7-сынып оқушылар арасында «Өркен» білім грантына үміткерлерді тағайындауға конкурстық іріктеу жариялап отыр. іріктеуден іркілмей өтіп, грант иесі атанған үміткер Назарбаев зияткерлік мектебінде оқуға мүмкіндік алады. mektepҚұжаттар 30 желтоқсаннан бастап, келер жылдың 6 ақпанына дейін қабылданады. Өтінім берушілер тиісті құжаттарын Қостанай қаласының Гагарин көшесіндегі 239 ғимаратқа жолдануы керек. Конкурстың ақтық іріктеуі 12-13 наурызда өтеді. Толық ақпаратты 8 (7142) 999-747 байланыс нөмірлері арқылы алуға болады. Облыс орталығындағы басты білім ошағының оқушысы болуға зерделі жеткіншектің кез келгеніне мүмкіндік ашылғалы отыр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓