Енші

Енші беру, енші алысу – ертеден келе жатқан бір жол. Әдетте бір адамның бірнеше ұлы болса, ол балаларының үйленгеніне әкесі енші бөліп береді. Айталық, бір адамның екі баласы болып, соның үлкен ұлы үйленген болса, әкесі сол үлкен ұлына енші бөледі.
енші
Қазақ жолында еншіні балаларына әкесі бөледі, егер балалары наразы болса, басқа биге салып бөліседі. Көбінесе әкесі кіші баласының қолында қалып, басқа балаларына енші беріп шығарады. Малдан енші берерде әкенің екі баласы болса, оның үлкені үйленсе, әкесі барлық малды жеті бөлікке бөледі. Бұлай бөлуінің себебі – осы жеті бөліктің бір бөлігін балалардың шешесіне қалдырып, қалған малды үшке бірдей бөлісіп, бір бөлігін үлкен ұлына береді. Ол әкенің ұлдарынан басқа қыз балалары болса, ол қыз балаларына енші бөлінбейді. Әкесі балаларына енші бергенде мал бір түлік болмайды – түйе, жылқы, сиыр, қой болып, әр түлікті болады. Сондықтан барлық малды тоқтыға шағады. Қазақта "қақ", "тоқ" деген қара малдың аттары болады. "Қақ" деп бесті ат, қысыр байтал, қысыр сиырды айтады. Ал, "тоң" деп буаз дөнежін байтал, буаз сиырды айтады. "Қақ" қараның бағасы – бес тоқты, "тоқ" қараның бағасы – он тоқты болады. Жақсы атан түйенің бағасы жиырма тоқтыдан болады. Еркек қой, саулық қой, торпақ – екі тоқтыдан, жабағы – үш тоқтыдан саналады. Қазақтың қызға енші бөлмейтін себебі – қыздан қалыңмал алады, егер шын жолға келсе, сол қыздан алған қалыңмалдың мөлшерін әкесі төлейді.
(Ғаламтордан).

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓