Тағы бір адам суға кетті
21 маусым күні Қостанай ауданы Мичурин селосы "Малибу" демалыс базасы аумағында 1982 жылы туған ер адам суға кетті. Бұл жөнінде облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті суда құтқару қызметінің қызметкерлері суға кеткен адамның жансыз денесін алып шықты. Мәйіт сот-медицина сараптамасына жіберілді.