“Қолы қимылдаған адамға, кедейлік жоқ” дейді асыл тұқымды ит асырап, баптап отырған Әлішер мен Данияр
“Есектің артын жусаң да, мал тап” деген Абай атамыздың осы бір сөзі тура қазіргі заманға арналғандай. Өйткені, бүгінгі заман қол қусырып, босқа отыруды көтермейді. Қандай жұмыс болса да, әйтеуір таза жолмен еңбек етіп, өз наныңды тауып жегенге не жетсін.
Мына суреттегі Заречный және Затобол ауылдарының тұрғындары Әлішер мен Данияр бір сыныпта оқыған, мектеп жасынан бірге келе жатқан достар. Бүгінде Әлішер Затобол кентіндегі ауыл шаруашылығы колледжінде, ал Данияр ҚМУ-дің ветеринария факультетінде білім алып жатыр. Екеуінің де бұл мамандықты таңдауының өзіндік себептері де жоқ емес. Себебі, табиғатында жылқы малы мен асыл тұқымды төбет десе делебесі қозып шыға келетін бұл екеуі бала күндерінен-ақ осы салаға жақын боп өсті. Олар бесінші сыныпта оқып жүргенде Әлішердің әкесі Жамбыл өңірінен бір есек алып келетін көрінеді. Содан кішкентай Әлішер әкесі алып келген бұл есекті досы Даниярмен бірігіп, демалыс және мереке күндері орталық алаңға шығарып, кішкентай бүлдіршіндерді серуендетіп, өздерінше табыс тауып жүреді. Кейін есектерінің санын бесеуге жеткізіп, бірігіп қолға алған кәсіптерін әріқарай жалғастырады. Бірақ, оқуларына байланысты бұл кәсіптерін тоқтата тұруларына тура келеді. Десе де, әлі күнге дейін олар наурыз мейрамы кезінде орталық алаңға шығып, балалар мен ересектерді есек, жылқымен серуендетіп, өздерінше табыс табуды жалғастырып жүр. Ал, бүгінде екі студент біржола асыл тұқымды төбеттердің күшігін сатумен айналысуға ден қойған сияқты. Олар мұны ит сатып, ит бағып, байып кетемін деген ниетпен емес, ең бастысы өздерінің сүйікті істері ретінде айналысып жүргендерін де жасырмайды. -Мен өз басым кішкене кезімнен малға, ит-құсқа жақын болып өстім. Ең алғаш мектепте оқып жүргенде атам маған калифорниялық қоян сыйлады. Содан менің қоян өсіруге деген қызығушылығым артты. Кейін еркек қоян сатып алдым да, көжектерімнің санын көбейте бастадым. Көбейген соң, оны сатып, өзімше кәсіп қылдым. Оқуыма әсер еткен соң, бұл кәсіпті тастауыма тура келді. Мектепте оқып жүргенде Әлішер екеуміз орталық алаңда есекпен балаларды серуендетіп, ақша табатынбыз. Одан кейін жылқымен серуендетіп те ақша тауып жүрдік. Табысымыз жаман болған жоқ, жиған-терген ақшамызға екеуміз де алабай тұқымының күшігін сатып алдық. Қазір студентпіз, сондықтан тек осы асыл тұқымды иттер өсірумен айналысып жүрміз. Жасыратыны жоқ, қазір жеті қазынаның бірін асырап, кіріс көзіне айналдырып жүргендер қатары аз емес. Бұған ғаламтор арқылы саудаға шығарылған төбеттер мен түрлі асыл тұқымды иттердің күшіктері сөзіміздің дәлелі. Себебі, өзіміз де төбеттерімізді ғаламтор арқылы саудалаймыз. Оқуымды тәмамдаған соң, алдағы уақыттарда жылқы, қоян шаруашылығын қолға алып, жеке кәсіпкер болуды армандаймын, – дейді студент Данияр Асанов. Даниярдың айтуынша, қазір нағыз таза қанды итке құмартушылар еліміздің алыс-жақын қалаларында ғана емес, Қостанайда да көп көрінеді. Оның сөзінше, біздің елімізде қазақтың қазақтығын білдіретін төбеттер мен таза қазақы қазылардың тұқымы сиреп кеткен. Десе де, өздері саудаға салып жүрген иттердің тұқымы да осал емес көрінеді. Оның күшіктерін Астана, Петропавлдан да келіп алғандар бар екен. Көбіне қан үшін айырбастап алатындар да кездеседі, өйткені, Даниярдың күшіктерінің әкесі алматылық чемпион “Қарабастың” “немересі” көрінеді. Чемпион демекші, қазір елімізде небір арлан төбеттерді төбелестіріп, қыруар пайдаға кенеліп жүргендер саны да аз емес. Иттерді төбелестіруге арналған чемпионаттар Алматы, Астана, Шымкент өңірлерінде жиі өткізілетін көрінеді. Ал, мұндай чемпионаттарға тігілетін бәстің де құны осал емес, 50 мың АҚШ долларына дейін барады. -Бізде Заречныйда да Оралдың, Қорғанның чемпиондары бар. Қаңтар айында Есілде жас төбеттердің сайысы өтеді, соған мен де өз төбетімді қатыстырып көрсем деген ойдамын. Ол турнир ақшаға емес, тек достақтық кездесу ретінде ғана өткізіледі. Асыл тұқымды иттер менің хоббиім десем де болады, – дейді Данияр.
Әлішердің де тазы, алабай, неміс, сібір хаскасы, тойтерьер, неміс овчаркасы сияқты иттеріне деген сұраныс жоғары. Асыл тұқымды иттерінің құны да жаман емес, мәселен сібір хаскасының күшігі 100-150 мың теңге көлемінде, тойтерьердің бағасы 40 мың, ал неміс овчаркасының күшігі 40-50 мың теңге, тазы мен алабайдың да бағасы осылар шамасында.
-Бір қарағанда, мұндай кәсіппен айналысу оңай көрінуі мүмкін. Шындығында олай емес, асыл тұқымды иттер болған соң оның бабы да, күтімі де жақсы болуы керек. Бір ғана алабайдың тамағына қаншама қаражат жұмсаймын. Ет, макарон ғана емес, дәрумендер мен екпеге қажетті дәрілерді де сатып аласың. Өзім ветеринария саласында оқып жатырмын, сондықтан оларға екпе салу жұмыстары маған қиындық тудырмайды. Күнделікті иттеріме беретін тамақты да өзім пісіремін. Алғашында бұл тірлігіме ата-анам қарсы болған еді, кейін менің әуестігіме түсіністікпен қарай бастады, – дейді ит асыраушы Әлішер Тапашов.
Иә, ит асырап, ит баптап отырған Әлішер мен Даниярдың бұл кәсіптері сырт көзге еріккеннің ермегі болып көрінуі мүмкін. Ал, олар үшін бұл күнкөрістің қамы ғана емес, ең бастысы құмай тазы мен арлан төбеттерге деген әуестігі, жәй ғана айналысатын сүйікті істері.

Қарлығаш ОСПАНОВА
Суретте: Әлішер мен Данияр