Көкала бөлтірік

Шолақ жүз қойы бар. Сонымен-ақ, әкем өзегі талып көр- ген жоқ-ау. Сүре жол, асуларға соқпай сиырлы көшпен сып беріп шыға келетін де, қиыр, шет қона- ды ол. Бірақ, жаңа жер. Тың өріс. Ұмытқам жоқ, қоныс сайын көре- рім: дәу ағаш, биік тастар. Құс, аңы қаншалық! Бала қойшының бүгін «басы ауырып», қой шетіне әкей шыққан. Қыңқылдап ем, мені де міңгестіріп алды ол.

5489-Kutup-kurdu

 Қыратпен шұбалып, қой- лар ойпаңға таман ойысты. Бәрін бастап ақ серке мен қара қой жүр. Қара қой қораның сәні. Шанда бір ұшырайтын – мүйізді, әм, үлкен, жарықтық! Қыраттың әр жерінен әкем бөрік- тей, көк бұйра шөпті көрсетіп: – Мынау, «қасқыр жем». Шіркін- нің шығысы-ай! Оны жеген қасекең, қойға қарамас дейді. «Қасекең» де- гені – қасқыр. Мен ұға қоятындай, бөрінің ұзын-сонар әңгімесін айтты. Атын еститінмін, қандай мақұлық екенін көргем жоқ. Көз алдыма өзім қорқатын «Тырнақбай» дейтін біреу құсап елестейді. Қасқыр баяғы – Тырнақбай. Шоққарағай түбі, әкем көлең- кеде отыр.Қарай тұру үшін, мені атқа мінгізе қойған. Маңымыз бітік шөп, бүрген. Бірақ ат үстіндемін, қойлар анық көрінетін. Әлдебір ара ызыңдап бетіме таяй, оңды-солды сабалана бастадым. Бір уақ қамшы да тиді-ау, ара тырс етіп, жалпақ тастың үстіне түскен. Мақтанып, әкейге қарайым. Онымен ісі жоқ, сыпырған тақыр жерге ол, құмалақ салып отыр. Арамен айналысуым, «мақта- нуым» бар, кешіге қалыппын. Қа- расам керемет! Төрт мүйізді қара қой мен бір «ит» ойнап жүр. Сол ит – ала, көкала болып көрінді маған. – Ә-әй! – дейім дабыстай. Әкем «тоқта!» деп, қатқыл қа- бақ танытты.Оның: «Қасқыр», «Бөлтірік» деген күбірін естідім. Атбасын шоққарағайға бұрып, бі- раз сығаладық. Қой мен қасқыр кет әрі емес. Қара қойдың белінен қарғыған ол, ар жағына әрең түсіп, тұмсығымен жер сүзеді. Ту-у, бөл- тірік бауырынан өткен қойымыз да, көтеріле барып, тырапай асқан… Сәлден кейін айқай салдық.Бөрі өз бетімен кетті. – «Қасқыр жемнің» шығысы биыл бөлек! Мұны жеп, бөлтірік қойға қарай қоймас» – дегенін, әкей тағы бір қайталады. Міне одан бері жер басып жүрміз. Мұндай «ойын» көрмедім. Әйтеуір, көкала бөлтірік пен қой көз алдымнан шықпайды.
 
Серік Қапшықбайұлы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓