Назарбаев зияткерлік мектебі 1-ге толды

2015 жылдың 12 желтоқсанында Қостанай қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде мектептің туған күніне орай үлкен мереке өтті.IMG_3704
Қостанай қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебі дарынды балаларды оқыту мен тəрбиелеуде жаңа инновациялық əдістерді енгізу жəне жетілдіруге арналған  алаң болып табылады, сондай-ақ зияткерлік мектептер есебі бойынша он жетіншісі болып саналады.IMG_3749
Таң атысымен мектептің іші түрлі шарлармен, суреттермен, құттықтаулармен безендірілді.
Қызметкерлер мен оқушылар үшін ұйымдастырылған мерекелік іс-шара мектеп директорының құттықтауымен салтанатты жиын ретінде басталды.IMG_3787
Одан кейін оқушылар əдістемелік бірлестік, кітапханашылар, кураторлар дайындаған түрлі конкурстар мен ойындар бекеттері бойынша бөлінді.
Мерекелік концерт мектептің қалыптасуы, оның алғашқы мұғалімдері мен оқушылары, сондай-ақ қазіргі уақыттағы мектептің дамуы, оның жетістіктері жайлы фильмнің көрсетілуімен басталды. Мерекеде мұрағаттағы түрлі фото суреттерден тұратын мультимедиялық презентациялар мен бейне түсірілімдердің көрсетілуі залда отырғандардың əрбірінің мектеп жылдары жайлы естеліктерін еске түсірді.IMG_4147
Құттықтау сөзі мектеп директоры Думан Сапаковтың ұжымға айтқан жылы лебіздерінен басталды.
Директор өз сөзінде бір жыл ішінде жасалған жұмыстар жайлы, сондай-ақ оқушылардың жетістіктері мен педагогтардың зор үлестері жайлы атап өтті.IMG_4233
Бұл қысқа мерзім ішінде біраз істер атқарылды. Мектептің шығармашылық өмірін бағалай отырып, мектеп қабырғасынан біздің қоғамымыздың үздік өкілдері болатын тұлғалардың шығатынына толық сенімдіміз. Мектеп директоры Сапаков Д.Н. өз сөзінде тарих үшін бір жыл деген бір мезеттей болса, көптеген оқушылар мен педагогтар үшін əдемі естеліктер мен ұмытылмас оқиғалар сыйлаған жыл деп атап өтті.IMG_4217
Сондай-ақ директор құттықтау ретінде мектепті таза ұстауға көмектесетін техникалық қызметкерлерді де назардан тыс қалдырмады.IMG_3798
Мектеп интернаты мектептің 1 жылдық туған күн мерейтойына арнап өздерінің «Interns» тұңғыш журналының тұсаукесерін жасады. Интернат меңгерушісі Бақытжамал Нұрахметова тұңғыш журналын мектеп директорына табыс етті.
Əрі қарай мектептің туған күнін мерекелеу оқушылардың шығармашылық номерлерімен, ата-аналардың құттықтауларымен жалғасты.1
Мерейтойлық кештің өту барсында сахнада оқушылар мен педагогтар ұжымының дайындаған əндері шырқалып, өлеңдері оқылды, би нөмірлері мен қойылымдары көрсетілді. Жалпы айтқанда, мерекелік бағдарлама қызықты да, көңілді өтті.
Кеш соңы мұғалімдер ұжымының орындаған "Туған күн" атты достық əнімен аяқталды.IMG_3794

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓