Жылқы малының жасына қарай қазысы да мынадай түрге бөлінеді:
Кере қазы, сере қазы – бармақ пен шынашақ арасына тең қазы.
Табалдырық қазы – аса қалың, айналдыруға келмейтін өте семіз қазы; кей жерлерде табан қазы деп атайды.
Би қазы – бүйен ішекке тыққан, шұжық тәрізді жуан қазы.
Дөңбек қазы (бұжбан қазы) – ішекке сыймағандықтан тілкем күйінде сақталған қазы.