Қостанайда мамандандырылған ХҚКО ашылды
Қостанайдағы автокөлік иелері үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы есігін ашты. Енді қостанайлықтар темір тұлпарын тіркеу және жүргізуші куәліктерін осы жерден ала алады.
«ХҚКО» РМК бас директорының орынбасары Шоқан Әбділмановтың айтуынша, енді жүргізуші куәлігін беру мен автокөлік құралдарын тіркеу уақыты екі сағаттан аспайтын болады. Қостанайдың мамандандырылған ХҚКО-сы – «А» санатына емтихан тапсыруға арналған алаңы 1500 шаршы метр бөлек автоматтандырылған мотодром орналасқан бірінші орталық.
Сондай-ақ, жүргізуші куәлігін алуға, теориялық сынақ тапсыруға арналған сынып пен күту залы, медициналық байқау кабинеттері бар. Ол куәліктерді алуда немесе ауыстыру кезінде тұтынушыларға ыңғайлы болмақ.
Кенже Қонысбай
Суреттерді түсірген Айбек Жүзбай