68 адам ауру жұқтырды

19 ақпанда Қостанай облысында 68 адамнан коронавирус табылды.
Атап айтқанда, Қостанай қаласының 40 тұрғыны, Рудный қ., Лисаков қ., Қостанай ауданында 5 адамнан, Сарыкөл және Ұзынкөл аудандарында 4 адамнан, Федоров ауданында 3, Қарасу ауданында 2 адам індет жұқтырған.
47 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 18 адам коронавирус расталған адамдармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 2 адам стационарға жатар алдында профилактикалық мақсатта, 1-еуі алдын алу мақсатында УҰИ-да болған кезде тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 58 адамда ауру белгілері болды, 10 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 19 ақпан аралығында COVID-19-ды 11782  адам жұқтырды. Емделіп шыққан адамдардың саны – 10294.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓