Экс-басшы сот залында босатылды

shukenov-240Қостанай облыстық сотының апелляциялық сот алқасында  «Жастар саясаты мәселесі жөніндегі басқарма» ММ-нің экс-басшысы 1984 ж.т. Т.Шөкеновке және кәсіпкер 1958 ж.т. В. Чистыйге қатысты қылмыстық іс бойынша Қостанай қаласы №2 сотының  үкімі қайта қаралды. Сот үкіміне  ақталған Чистыйдің жағдайын ауырлату бойынша прокуратураның және Шөкеновтың және оның қорғаушысының апелляциялық  шағымды келтірілген. 
Тергеу материалдары бойынша, Қостанай қаласында «Қостанай облысының жастар саясаты мәселесі жөніндегі басқармасы» ММ басшысы қызметін атқарған Т.Шөкенов 2014 жылдың қыркүйегінен желтоқсаны аралығында жеке кәсіпкер Чистыйдің көмегімен бюджет қаражатын жымқырған деп айыпталған болатын.
Қостанай қаласының №2 сотының үкімімен Шөкеновке ҚР ҚК-нің 307 бабының 2 бөлімі, 314 бабының 2 бөлімі, 176 бабының 3 бөлімі «г» тармағы бойынша (16.07.1997 жылғы редакцияда) айыпты деп танылып жалпы тәртіптегі колонияда 5 жыл бас бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеу және 5 жылға мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды. Кәсіпкер В.Чистый қылмыстық әрекеттің болмауына орай сот үкімімен ақталған болатын.
Апелляциялық сот алқасында істі қарау бірнеше рет кейінге қалдырылды. Тараптар сот отырысына қаржылық бақылау және салық қызметі мамандарын шақыруға өтініш жасап, сот отырысы барысында барлық материалдар қайта зерделеніп, куәгерлер мен сарапшылардан айғақ алынған.
Іс материалдарына сотталушыны жақсы мінездемелеген және әділ үкім шығаруды сұраған  түрлі қоғамдық ұйымдардан түскен  мінездемелер қосылды. Олардың ішінде  «Үміт-Надежда»  мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау ұйымы, «Қазақстан іскер әйелдер Ассоциациясы» ҚБ, «Жасыл ел» республикалық еңбек отряды бар.
Апелляциялық сот алқасының қаулысымен Қостанай қаласы №2 сотының Тимур Шөкеновке қатысты сот үкімі өзгертіліп, бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы ҚР ҚК-нің 63 бабын қолдану арқылы шартты түрде жазалауға алмастырылды. Сонымен қатар, мүлкін тәркілеу түріндегі қосымша жаза алынып тасталды.
Шукенов сот залында босатылды. В.Чистыйдың әрекетінде қылмыстық нышанның болмауына  орай ақтау сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды. 
Сот қаулысы заңды күшіне енді.
 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓