Көліктер сұйытылған газбен жүреді

Қостанайда «Жедел жәрдем» көліктерінің газ өнімдеріне ауысуы отын шығындарын 57 % -ға қысқартты.
Бұл туралы аппарат кеңесінде облыстаық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Хайдар Қамбаров баяндады.IMG_8646
(сурет "Қостанай таңы" газетінің архивынан алынды)
Жиында «Энергия 2020» бағдарламасын  жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Қостанайда 21 жедел жәрдем қызмет көрсету көлігінің 13-і сұйытылған газ түріне көшкен. Отынның жаңа түріне ауысуына АИ-80 маркалы жанар-жағармайдың өндірістен алынып тасталуы бірден-бір себеп. Бүгінде бұл процесс ай сайын 500 мың теңге ақшаны үнемдеп отыр. Газ баллондарын орнатуға 2 ай уақыт кеткен.
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов аталған көрсеткіштерді жақсы деп бағалап, келешекте қалған қызметтік көліктері де осы бағытта дамитынына сенім білдірді.
-Жоба жақын маңдағы қалаларда өріс тапты. Қазір Рудныйда қарқынды дамуда. Тек қана шалғайдағы елді мекендерді қамту қиынға соқпақ. Себебі, көліктерді сұйытылған газбен толтыру мүмкіндігі жоқ,-дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Орал Бекмағамбетов.
Жалпы денсаулық сақтау бөлімінде 365 көлік бар. Өңір басшысы екі жылдың ішінде барлық темір тұлпарларды баламалы және арзан отынға ауыстыруды ұсынды.
Өңірде сұйытылған газ құю бекетінің саны артып келеді. Аймақтағы 24 бекеттің 13-і осы жылы салынған. Сұйытылған газ тасымалдау үшін сұраныс 30 %-ға өскен. Облыстағы жол полициясының мәліметіне сәйкес, отынның бұл түрімен қазір 2500 автомобиль пайдаланады,- дейді Хайдар Қамбаров.
Қоғамдық көліктер мен таксилер Рудный қаласындағы бекеттерді жиі пайдаланады. Осы туралы «ҚазТрансГаз» компаниясы мен «КТГ Аймақ» АҚ Қостанай қаласында да бекеттер тұрғызбақ.           
 
Кенже Қонысбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓