Киіз үйлер сайысы басталды (фоторепортаж)
Қостанайлықтар Наурыз тойын бастап кеткелі біраз болды. Бүгін қала орталығында түрлі қазақы киіз үйлер бой көтеріп, сән-салтанатымен өзара сынға түсуде. Теріскейдегі облыста ауа райы жайсыз. Қар ұшқындап, боран соғып тұр. Алайда, мерекелік көңіл-күйге бұл да кедергі келтірмейді. Комиссия мүшесі әр киіз үйдің іші-сыртын бақылап, мемекемелердің еңбегін жоғары бағалады. Ұлттық мейрамды қадірлеп, қастерлеген қостанайлықтар ешнәрсеге қамығар емес. Жеңімпаздардың есімі ертең белгілі болады.
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ