Байқау жеңімпаздары анықталды

Газетіміздің қараша айындағы кезекті санында Б.Хамзин атындағы өнер мектебінің ұйымдастыруымен  және Жастар бастамалар орталығының қолдауымен “Жас толқын – 2015” эстрадалық ән байқауының ережесі жарияланған болатын. Оны өткізудегі мақсат дарынды оқушылардың өнерлерін айқындап, қолдау көрсету. Сондай – ақ, шығармашылық әлеуеттерін дамыта отырып, оқушыларды көркемдік өнерге баулу. оқушылар ортасында қазіргі эстрадалық жанрды насихаттау. Өскелең ұрпаққа рухани байлықты, ұлттық тәлім тәрбиені бойына сіңіріп, эстетикалық сана-түйсінігінің терең қалыптасуына ықпал жасау.IMG_2191
Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Наурызбай Сейдахметов жас өнерпаздарға ағалық ақ тілегін жеткізіп, биік белестерді бағындыра берулеріне тілектестігін білдірді. Байқаудың алғашқы іріктеу бөліміне 36 үміткер қатысып, бақтарын сынады. Эстрадалық әнге енді ғана бейімделіп жүрген кейбір қатысушылар ән ырғағынан ауытқып, киелі сахнада қобалжу сезіміне ырық беріп, әділ қазылар алқасынан төменгі баға алып жатты. Негізгі бөлімге жолдама алған 15 үміткер тәлімгерлердің берген тапсырмасы бойынша қазақстандық, ресейлік әндерді орындады. Олардың орындаушылық шеберліктері көрермендердің көңілінен шыққаса да сарапшылардың шешіміне сәйкес келмеді. Себебі үш үміткер ғана ақтық сайыста өнер көрсету керек болатын. Соңғы қорытынды бөлімінің алдыңғы бөлімдерге қарағанда ерекшелігі байқау үміткерлері тәлімгерлерімен қосылып, ән шырқады. Сонымен қатар жас әншілердің өнерін бағалайтын әділ қазылар алқасы емес өнер сүйер қауым. Тәуелсіз сарапшылар өнер мектебінің мөрі басылған парақшаларды үш үміткердің есімі жазылған арнайы жәшіктерге салу арқылы көңілдерінен шыққан жас әншілерге дауыс берді. Тәуелсіз сарапшылар тарапынан көп дауыс жинаған Қаратүбек орта мектебінің 9 сынып оқушысы Гүлсая Манатқызы 1-орынды иеленді. 2-орын иегері атанған – Албарбөгет орта мектебінің 2 сынып оқушысы Еркежан Сайын. 3-IMG_2218орынды Қ.Топаев атындағы орта мектебінің 4 сынып оқушысы Рақым Қасымжомарт иемденді. “Үздік тарихи ән” номинациясымен Ш.Уәлиханов орта мектебінің оқушысы Ақбаян Бөлеген, “Ең кішкентай әнші” номинациясы бойынша Ғ.Қайырбеков орта мектебінің оқушысы Жангүлім Танабай,  “Әуезді әнші” номинациясымен  Қ.Қойдосов орта мектебінің оқушысы Рүстем Әбсәлем марапатталды. Бұл байқауда Рүстем Бауыржанұлының бабы келгенмен бағы жанбады.IMG_2191
Аудан әкімінің орынбасары Түбекбай Әубәкіров байқау жеңімпаздарын аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапаттап, Жастар бастамалар орталығының ақшалай сыйлықтарын табыс етті. Сонымен бірге шағын өнер ордасына айналған өнер мектебінен талай жас дарындардың шыққандығын айта келіп, осы мектептен түлеп ұшып, облыстық, республикалық, шетелдік байқаулардың жеңімпаздары атанған түлектердің есімдерін ерекше атап өтті.IMG_2228
-Байқаудың өту барысында қолдау көрсетіп, бізбен бірлесе жұмыс жасаған Қаратүбек орта мектебінің директоры Ботабай Шаймовқа, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің директоры Қонысбай Ражановқа, Албарбөгет орта мектебінің ұйымдастырушысы Жұман Есмағанбетовке және Жаркөл ауылдық округінің мәдени ұйымдастырушысы Бақанай  Төлебаевқа мектеп ұжымының атынан алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта жеңімпаз атанған оқушылар облыс орталығында ауданымыздың намысын қорғап өнер көрсететін болады. Қадамдарына сәттілік тілеймін. Біздің мектеп мұғалімдері ізденіс пен талпыныстың арқасында жас дарындарды хас дарындарға айналдырады деген сенімдемін. Мектебімізден білім алып, қырандай қияға қанаттарын қомдаған шәкірттеріміз қазіргі таңда Елордамыз Астана мен Шетелрдерде өнер саласындағы білімдерін шыңдап жүр. Өздеріңіз көргендей бейне сюжет арқылы байқау үміткерлеріне сәлем жолдап, тілектестіктерін білдіріп жатыр. Ендігі арманымыз жас өнерпаздарды халыққа насихаттай отырып, аудан өнерінің дамуына өз үлесімізді қосу”, – дейді өнер мектебінің директоры Жанар Шалабаева.
 
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Жанкелдин ауданы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓