Жас ақындар сайысқа түсті

Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Қазақстан халқы ассамлбеясының 20 жылдық мерекесіне орай облыстық «Менің Қазақстаным» жас ақындар сайысы өтті.
Байқауға бақ сынамаққа Қостанай облысының барлық қала мен аудандарынан колледж және орта мектептің оқушылары қатысты. Жарыс барысы екі тілде өткізілді. Жас ақындар қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген туындыларын ортаға салды. Сондай-ақ, екі бөлек сараланды.  00_0088_2015-12-04_110431.AVI_snapshot_00.00_2015.12.04_16.50.39
Түбітқанат ақындар өз өлеңдерінде қазақ жерінің байтақ даласын, өткені мен бүгінгісін, әсем қала Астанасын, көп ұлтты мемлкететтегі татулықты және Елбасын жырлайды. Әдебиет әлеміне қадам басып, қалам тартып жүрген жастар өздерінің отансүйгіш екендерін көрсетті. Жас ақындардың өлеңдерін Ғайнижамал Бердалинова, Нұрқанат Құлабаев және Юрий Бондоренко сынды өңірге танымал кісілер бағалады.   PfISPrMZZxwБайқау қорытыныдысы бойынша қазақ тіліндегі бөліміде 3-орынды Нұрсұлу Дарігерхан, 2-орынды Еркінғазы Айтбаев иеленді. Жүлделі 1-орынды Әлішер Қуанышбек жеңіп алды.
Орыс тілінде өткен бөлімде 3-орынды Шамил Молдабеков, 2-орынды Роман Ругенка алды. 1-орынмен Анастасия Осадчая мараппаталды.      
 
Кенже ҚОНЫСБАЙ
Суреттерді түсірген автор.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓