Қарыздармыз қазақ халқына!

Жыл сайын қазақ елі көктемді алғыспен қарсы алады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылы «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Жарлығына сәйкес 1 наурызды Алғыс айту күні деп жариялаған болатын. Күнтізбедегі жаңа мерекенің 1 наурызға белгіленуі бекер емес, дәл осы күні 1995 жылы Қазақстан халқының Ассамблеясы құрылған-ды. Ассамблея — мемлекетімізді мекендеген барша халықты біріктіретін бірден бір ұйым.IMG_0801
IMG_0795Қазақ даласы жиырмасыншы ғасыр басындағы жұттан бастап, одан кейінгі Ұлы Отан соғысы сұрапылында туған жерлерінен үдере көшкен сан-мың ұлысқа ортақ шаңырақ болғаны ел есінде. Сонау зұлмат заманда жалғыз жұтым суы мен бір үзім нанын бала-шаға аузынан жырып берген мейірбан қазақ жұртына өзге ұлт өкілдерінің алғысы шексіз. Оған "Мирас" мәдениет үйінде өткен мерекелік іс-шарада куә болдық.IMG_0735
IMG_0753Бұл мәдени шара белгілі жазушы, "Қазақстанның 100 жаңа есімі" республикалық жобасына есімі енген, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі Зинаида Чумакованың "Менің балалық шағымның бауырсағы" атты повестінің желісімен қойылым түрінде өрбіді. Қаламгер Әулиекөл ауданына қарасты Құсмұрын ауылында, Қазақстанға қоныс аударған шешен отбасында дүниеге келген. Қазір Жезқазған қаласында тұрады. Ол өз шығармасында өткен ғасырдағы қиын-қыстау кезеңдерді суреттейді, сол арқылы қазақ халқына деген ризашылығын жеткізеді. Бұл көріністерді облыс орталығындағы қазақ және орыс драма театрларының әртістері асқан шеберлікпен көрерменге жеткізе білді.IMG_0734
IMG_0756Қойылым барысында Нұржановтар әулеті мен немістің Русман әулетінің тарихы көрініс табады. 1941 жылы Нұржановтар отбасы Қазақстанға қудаланған немістің жеті баласын бауырына басады. Міне, арада 77 жыл өткенде аталған отбасылардың ұрпақтары табысып отыр. Бұл кісілердің өнегелі ғұмыры – сөзсіз сан ұрпаққа үлгі.  Нұржановтардың ортаншы баласы Серік қазір Қостанайда тұрады. Тағдыр тоғыстырған бауырларымен қайта қауышқанына дән риза.IMG_0710-Ол кездер әлі менің есімде. 70-жылдардың басы болатын. Біз Федоров ауданына қарасты ауылда тұрдық. Көп балалы отбасы едік. Негізі 10 ағайынды болғанбыз, 4-еуі ерте қайтты. Соған қарамастан, менің әке-шешем немістің 7 баласын үйге алып келді. Бәріміз бір үйде тұрдық, бірге өстік. Қазір бәрі Германияда, дегенмен хабар үзбейміз, хат алмасып тұрамыз,-дейді ол.
IMG_0809
IMG_0761Сахналық қойылым аяқталған соң Қостанай облысы әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев сөз алды. IMG_0769-Айтулы мерекенің маңызы зор. Алғыс айту күні ел ішіндегі татулық пен тұрақтылықты нығайтып, өткенімізге көз жүгіртуге мүмкіндік береді. Өскелең ұрпақ осы арқылы ата-бабасының тарихын біледі, бірліктің мәнін ұғады. Қазақ даласының берекесі мен ырыздығы мол, адамдары ақ пейіл. Осы екеуі бірігіп, мыңдаған адамды аман алып қалды. Міне, сол жүзден астам ұлт мықты Қазақстанды бірге орнатты,-деді ол.IMG_0780
IMG_0794Бұдан соң Марат Қонысбайұлы өңірдегі жас фотографтардың арасында өткен байқаудың жеңімпаздарын марапаттады. Шара соңында әр ұлт өкілдері "Ұлы дала" әнін қосыла шырқап, қазақ халқына алғыс айтты.IMG_0801
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓