Бұл – менің Қазақстаным!

Көк Тудың желбірегені жанға қуат, ойға шабыт, көңілге қуаныш сыйлайды. Ал Әнұранды екі аяқтан тік тұрып, оң қолын жүрек тұсына қойып қосыла шырқамайтын қазақ жоқ шығар. Мемлекеттік рәміздермен алаштың әр баласы мақтанады. Ол заңды құбылыс. Себебі Ту, Елтаңба және Әнұран елдігіміздің ерекше белгісі. IMG_0179
Осынау мелекеттік рәміздерге деген ерекше сезімді  Қостанайдағы Сити-орталықта өткен «Менің Қазақстан!» патриоттар форумында сезінгендей болдық. Себебі аталған жерде көпшілік Әнұранды қосыла орындады. IMG_0188Әрбір жастың қолынан көгілдір түсті жалаушаларды көрдік. Тәуелсіздігіміздің нышандарын кейінгі толқынның құрметтеп жатқаны қуантарлық жағдай.IMG_0253
Форумға облыс әкімінің орынбасары М.Дәрібаев, облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Е.Қалмақов және қаладағы жоғары оқу орындарының студенттері, белсенді жастар қатысты.Билік өкілдері қазақстандық патриотизм туралы сөз сөйледі. Ал жастар жағы «Қазақстан алға, биіккке самға!», «Біз, жастар, елдің болашағымыз!» деп ұрандатты. IMG_0262
-Осыдан 23 жыл бұрын «ҚР мемлекеттік рәміздері туралы» заң қабылданды. Мемлекеттік нышандар еркіндіктің, егемендіктің айқын белгісі. Өскелең ұрпақ тәуелсіздік атрибуттарына құрметпен қарауы керек, -деді облыс әкімінің орынбасары М.Дәрібаев.IMG_0234
Сондай-ақ «Отанымның рәміздері объективте» бейнеролик байқауының жеңімпаздары марапатталды. Байқауды облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырды.Биылғы жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, ҚР Конституциясының 20 жылдығы, ҚР мемлекеттік рәміздері аталымдары бойынша жұмыстар қабылданды.IMG_0197 Нәтижесінде үздік видеороликтер таңдалып алынды. Марапат иелерінің арасында біздің әріптестеріміз де бар. IMG_0215Олар «Қазақстан-Қостанай» теларнасының режиссері Болатбек Саней «Қазақ хандығының 550 жылдығы» аталымында және аталмыш телеарнаның қызметкері Берік Салпенов «ҚР Конституциясының 20 жылдығы» аталымында жеңіске жетті. 
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓