«Қостанай асары» қайрымдылық шарасы

Апат айтып келмейтіндігі белгілі. Биыл су тасқынынан Қарасу, Әулиекөл және Науырзым ауданының бірқатар ауылдары зардап шекті.IMG_7387
IMG_7391Міне, осындай қиын кезде жерлестерімізге қол ұшын беру әрбір азаматтың парызы. Сондықтан да, облыстағы қалалар мен аудандардың барлық мешіттері мен «Зекет» қоры зардап шеккен елді мекендерге көмек көрсету мақсатында «Қостанай асары» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Акция аясында өңірде 2 млн теңгенің заттары жиналды. Оның ішінде 610 мың теңгесі қаражаттай, қалғандары ең қажетті азық-түлік пен киім-кешектер.IMG_7404
IMG_7448Облыстың бас имамы Бақытбек қажы Тәжімбет және Қажылар қауымдастығы облыстық филиалының төрағасы Жақсылық қажы Ғайсин Қарасу ауданында болып, жиналған заттарды табыс етті. Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездесіп, оларға жылы лебіздерін білдірді.IMG_7457
IMG_7467
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓