Заңсыз куәлік беріп отырған
Қостанай қалалық № 2 сотына жүргізуші куәлігін заңсыз беру бойынша жемқорлыққа жол берген қылмыстық іс түсті.
Облыстық соттың баспасөз қызметі мәлімдегеніндей, облыстық жол полициясы басқармасының тіркеу-емтихан жұмыстары бөлімінің бұрынғы қызметкерлері автомобиль мектебінің директорымен және төртінші көмекшісімен алдын ала сөз байласып, 2012 жылғы желтоқсаннан 2013 жылғы желтоқсан аралығында жүргізушілерді емтихансыз қабылдап, заңсыз жүргізуші куәлігін беріп отырған.
Қарлығаш ОСПАНОВА