Гүлбаһрам жүлдемен оралды

Үстіміздегі жылы наурыздың 24-і мен 28-і аралығында Астанада ІХ-шы халықаралық “Ақ көгершін” байқауы өткен болатын. Онда көркем сөз, сән үлгісі, сән театры, би өнері, вокал, аспапта орындау, халық әнін орындау шеберлігі сияқты әртүрлі жанр түрлерінен республиканың әр өңірінен және көршілес елдерден барлығы 900-ге жуық үміткер сынға түсті.20150331_153533[1]
Осы байқауға аспапта орындау номинациясы бойынша Алтынсарин ауданындағы балалар шығармашылығы үйінің оқушысы Гүлбаһрам Жақсылық қатысып, 2-ші орынды иеленіп келді. Жас талант арнайы дипломмен және статуэткамен марапатталса, оның өнердегі ұстазы Жанерке Сәрсенбаева да “Үздік педагог” дипломымен марапатталды.
-Мен қобыз аспабымен “Аспапта орындау” номинациясы бойынша қатысқан едім. Еліміздің әр өңірінен қатысқан қырыққа жуық баланың ішінен екінші орынды иелендім. Әрине, бұл менің ғана жүлдем емес, біріншіден өнердегі ұстазым Жанерке Нағымжанқызының, екіншіден шығармашылық үйінің жемісі. Айтпақшы, сол байқауда шығармашылық үйінің директоры Нұрсұлтан Шүленов те арнайы Алғыс хатпен марапатталды, – дейді Обаған орта мектебінің 8 сынып оқушысы Гүлбаһрам Жақсылық.
 
Қарлығаш ОСПАНОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓