Екі шақырым – әріптес құрметіне
Өткен сенбіде Қостанай ауданы Затобол кентінде полиция қызметкерлері мен облыстың кәсіпқой жеңіл атлетшілері қатысқан 2400 метрге «Президенттік миль» жаппай жүгіруі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Старт алу Қостанай аудандық ішкі істер бөлімінің ғимараты алдынан басталды. Оның ашылуына Қостанай облыстық ІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі Мереке Әлшағыров қатысты. Ол «Президенттік миль» аясындағы жаппай жүгіру Қостанай ауданы тұрғындарының ары қарай белсенділік танытуына үлгі болып, олардың салауатты өмір салтын ұстануына өз септігін тигізетінін атап өтті.
Жүгіруді Қостанай облыстық «Динамо» кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, отставкадағы полковник Виктор Чернявский бастап берді. Бірінші болып мәре сызығын кәсіпқой спортшы Александр Савгуров аттады. Көшбасшылар үштігін оның әкесі, 59 жастағы спорт ардагері Сергей Поликарпов тұйықтады. Оның нәтижесі – 6 минут 13 секунд. Екінші жүгіруге 36 жасқа дейінгі полицейлер қатысты. Мәреге Меңдіқара АІІБ полиция сержанты Ерлан Сейітов бірінші болып келді. Оның уақыты – 6 минут 15 секунд.
Жүгіруде бірінші орынды Меңдіқара АІІБ командасы, екінші орынды Қостанай АІІБ және үшінші орынды Федоров АІІБ командасы иеленді.
Жүгіруге келген қонақтар арасында 70 жастан асқан қарттар тобында бірінші орынды Аркадий Денисов, 50-60 жастағы топтан бірінші орынды Римма Воеводина мен Сергей Поликарпов алды. 40-49 жас арасындағы топтан Андрей Чигижинов, ал 30-39 жас арасындағы топтан Александр Савгуров топ жарды.