Судағы қауіпсіздік

Қостанай облысының төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында суға шомылу кезеңінде судағы қауіпсіздік мәселелері бойынша баспасөз конференциясы өтті.
"Қостанай облысы ТЖД суда құтқару қызметі" ММ басшысы А.Байғожин мен бас сүңгуір маман Г.Сайфутдинов облыстың су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары туралы айтып берді.                                    
Жыл басынан бері облыстың су айдындарында адамдардың суға кетуінің 7 оқиғасы тіркелді. ТЖД қызметкерлері суға рұқсат етілмеген жерлерде, мас күйінде түсу,  балаларға бақылаудың болмауы, су айдындарының жанында қауіпсіздік ережелерін сақтамау қайғылы салдарға әкеп соғуы мүмкін екендігін ескертеді. Және де судың температурасы 20 градустан төмен болмауы керек.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓