Сарапшылардың көмегіне жүгінді

Облыстық кәсіпкерлер Палатасы «Қазақстан отын компаниясы» ЖШС-іне құны 60 млн.теңге тұратын жүк пен келісім-шарт міндеттерін орындауға жәрдемдесті.
Мемлекеттік кіріс жөніндегі департаменттің экономикалық тексеріс қызметі компанияның жалға алған жанар-жағар май таситын көлігін ұстағаннан кейін фирма өкілдері сарапшылардың көмегіне жүгінген болатын. Көлік ұстауға дизельдік отындарды заңсыз тасымалдаудың алдын алу шаралары себеп болған.

images

Департамент қызметкерлері көлікті арнайы тұраққа қойғанмен, оған тиісті процессуалдық құжаттар толтырмаған және  май құятын қылтасын  бекітпеген. Соның кесірінен «Қазақстан отын компаниясы» ЖШС-і он күн ішінде 60 млн.теңгелік келісім-шарты орындау үшін көлікті өз еріктерімен әкете алмаған.
-Біз облыстық прокуратурамен бірлесіп жағдайды шұғыл түрде шешуге әрекеттендік. Өйткені, кіріс департаментінің бұл ісі заңсыз. Оларға  жүк көлігін иелеріне қайтару туралы өтініш нұсқау берілді. Ал кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды,-дейді облыстық кәсіпкерлер Палатасы директорының орынбасары Самат Сәдуақасов.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Палата сарапшылары транспорт инспекциясы қызметкерлерінің Науырзым ауданы мен облыс орталығындағы көліктерді заңсыз тоқтату және құжаттарын тәркілеуге қатысты екі мәселеге еріксіз араласқан  болатын. Сөйтіп, кінәлі лауазымды тұлғалар өз жазасын алған еді.
Жалпы, жыл басынан бері облыстық Палатаға өз құқықтарын қорғау мақсатында 136 кәсіпкер шағымданды. Соның 63-і оң нәтиже берсе, 14 іс соттың араласуымен шешілді.
        
Айбек КӘДІРҰЛЫ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓