Әріптестік нығаяды
Қостанай облысына "General Motors" құрылымдық басшыларының бірі Джонни Салдана және "Узавтосаноат" АҚ Басқарма төрағасы Шавкат Өмірзақов, сондай-ақ "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ Төрағасы Нұрлан Байбазаров жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Меймандар іссапар барысында "СарыарқаАвтоПром" ЖШС зауытына барып, тыныс-тіршілігімен танысты. Өткен жылдан бастап, "Узавтосаноат" АҚ серіктестігінің арқасында "СарыарқаАвтоПром" ЖШС алаңында "Chevrolet" автокөлігі шығарылуда. Биыл "СарыАрқаАвтоПром" ЖШС осы маркалы 40 мың автомобиль құрастыруды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов қонақтармен кездесіп, әріптестік қарым-қатынастарды нығайту, соның ішінде өндірісті оқшаулау деңгейін арттыру мәселелерін талқылады.
Өңір басшысы атап өткендей, белгіленген жоспарларды іске асыру облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етеді.