Қарттарға қол жұмсаған

Қарабалық аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне дене жарақатымен 74 жастағы зейнеткер  жеткізілді. Араға екі күн салып, кейуана ауруханада жатқан жерінде көз жұмды. Оқиға бойынша облыстық ІІД полицейлері амалдарға кірісіп, қарияны соққыға жыққандардың ізіне түсті. картТағы да, ауданға қарасты Магнай стансасында белгісіз жас жігіт төрт зейнеткерге шабуыл жасаған. Олардың бірі – мүгедек арбасына таңылған қария. Басбұзар зейнеткерлердің үш мың теңгеден астам ақшасын тартып ала қашқан. Сондай-ақ ол қарттардың сырғаларын да алтын деп ойлап жұлып алған. Алайда сырғалар сәндік бұйымдар ғана болғанын айтады жәбірленушілер. Тергеу амалдары жүргізілуде.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓