Қайғылы оқиғалар көбейді

Суға кеткендер саны тағы да 2 адаммен толықты. Қайғылы жайттың бірі Тобыл өзенінде болды. Мас күйінде суға түскен 25 жастағы жігіттің қауіпсіздік шараларын сақамағаны белгілі болды. Төтенше жағдайлар департаменті қызметінен 3 құтқарушы және 1 техника жұмылдырылып, марқұмның өлі денесі әзер дегенде су астынан табылып, жағаға шығарылды.суга кет
Осыған ұқсас оқиға Әулиекөл ауданында тіркелді. Купальное өзеніне шомылуға барып, 35 жастағы аталмыш өлке тұрғыны ажал құшты. Оның да өмірмен қош айтысуына ішімдікке сылқия тойып алуы себепші. Кешкі сағат 17-00-де мәйіт судан шығарылып, сот-медициналық сараптамасына жөнелтілді.
 
Жандос Жүсіпбек

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓