Қыз балаға оқ атқан қылмыскер ұсталды

Қостанайда 13 жасар қыздың көзінен атқан қазақстандық видеоблогер Челябіде ұсталды. Жігіт құқық қорғау органы өкілдерінен жарты жыл бойы жасырынып келген, деп хабарлайды dostup1.ru. 20170210153441Ресейлік полицейлер қазақстандық құқық қорғау органдарымен бірлесіп, атышулы қылмыс жасап, 6 айға жуық уақыт жасырынып келген 18 жастағы Арзул Гаджиевты ұстады.
«Өңірлік ІІМ қылмыстық іздеу басқармасының қызметкерлері Қостанай облыстық ішкі істер департаментіндегі әріптестерімен бірлесіп, РФ Челябі қаласындағы Победа даңғылында орналасқан үйлердің біріндегі кіреберісте тұтқындалды. Қазіргі таңда ол қамауда отыр. Оны Қазақстан Республикасының аумағына экстрадициялау мәселесі қаралуда», – деп хабарлады Челябі облыстық ІІМ ММ баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, оқиға 2016 жылдың 5 шілде күні Қостанай қаласындағы Алтынсарин көшесінің бойындағы екі қабатты ғимараттың маңында болған. Қостанайлық 13 жасар қыздың көзіне оған таныс емес 18 жасар жігіт оқ атқан. Қылмыскердің қазақстандық видеоблогер екендігі анықталды.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓