Жаңа жүйенің тиімділігі

“Қазпошта” АҚ “Telegram” кросс-платформалы ақпараттық бағдарламаның ботын пайдалануды бастады. “Қазпошта” АҚ облыстық филиалының директоры В.Константиновтың айтуынша, бүгінгі таңда “@KazPostBot” арқылы жіберілген сәлемдемелердің жағдайын, валюта бағамдарын және жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл жайлы ақпаратты алуға болады. 

Қазпошта

Бұл қызметті қосқандағы мақсат – қазақстандықтарға саналған секунд ішінде ақпарат алуға мүмкіндік туғызу. Бұл қызметті қолдану үшін алдымен, “Telegram” бағдарламасын орнатып, “Поиск” тармағынан “@KazPostBot дегенді табу керек. Ол тәуліктің кез келген уақытында келесі ақпаратты бере алады: /track – жіберілген сәлемдемелердің жағдайы жайлы ақпарат беріп, сол мезетте статустың жаңартылуына жазылым береді. Ол үшін өзіңіздің трек нөміріңізді чатқа жазуыңыз керек. Ал, трек нөмір 4 латын әріптен және 9 саннан тұрады. Мәселен, //track RK 123456789 KZ
/currency – ағымдағы валюта айырбастау бағамы жайлы ақпарат береді (АҚШ доллары, еуро және рубльдің теңгеге қатынасында)
/car – жол ережесін бұзғаны үшін айыппұлдар жайлы ақпаратты мемлекеттік нөмір мен мемлекеттік автокөлік тіркеу нөмірі арқылы береді.
 
Қарлығаш ОСПАНОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓