Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасын жоғарлатуға тыйым салынды

ҚР денсаулық сақтау Министрлігі мен фармацевтикалық қауымдастық арасында осындай меморандумға қол қойылды. Меморандумға 200 дәрі-дәрмек түрінің атауы тізбеге енді. Оның ішінде 70 препарат шетелдік өнімдер. 1
Енді қабынуға қарсы, дене қызуын басатын, ауруды сездірмейтін дәрілер, бір қатар антибиотиктер, шприцтер мен жара таңғыш заттар қымбаттамайды. Бұл препараттардың бағасы 2015 жылдың 1 наурыздағы жағдайында сақталмақ.
Отандық және шетелдік дәрі-дәрмектер бағасының тұрақтылығы және меморандум талаптарының орындалуы қатаң бақылауда болмақ. Оны бұзған дәріханаларға лицензиядан айыру жазасы қолданылмақ.
Бағасын жоғарлатуға тыйым салынған дәрі-дәрмектің тізімі  дәріханларда  ілініп тұруы тиіс. Бұл да келісім талабының бірі.
Меморандумның мақсаты әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға ед-дом қабылдауда жеңілдік жасау болып табылады.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓