Айыппұлдарды төлеуге болады

Бүгінде еліміздің “Қазпоштасы” автокөлік иелеріне де арналған жаңа қызмет түрін көрсету мүмкіндігіне ие болды. Енді қазақстандықтар жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін алған айыппұлдарын “Қазпоштаның” барлық филиалдарында төлей алады. Бұл қызмет“Қазпоштаның” ақпараттық жүйесі мен электрондық үкіметтің төлемдік жүйесінің интеграциясы арқылы жүзеге асырылуда.20140610153810
-Көлік жүргізушілер айыппұлдарын төлегеннен кейін, төлемақысы автоматты түрде жол полициясының ақпараттық орталығына келіп түседі. Жол қозғалысы ережесін бұзғаны жайлы ақпаратты алу үшін, тұтынушы пошта бөлімшесіне келерде, ЖСН (ИИН), көліктің мемлекеттік нөмірін және техникалық паспорттың нөмірін білуі тиіс. Жыл басынан біздің филиал жалпы сомасы 6 683 466 теңге болатын  924 төлем қабылдады, – дейді “Қазпошта” АҚ ҚОФ директоры В.Константинов.

Қарлығаш ОСПАНОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓