Күмбірле, қоңыр домбыра!

Мәселен, "Жұлдыз" домбыра студиясының домбырашылары Батыс Қазақстан облысына челлендж жолдады. Өнерлі жастар домбыраның пішінін келтіре отырып, "Балбырауынды" күмбірлетті. Ахаң атындағы Қостанай өңірлік университеті және облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы ұйымдастырған шарада жас домбырашылар бар өнерін салды.

"Аталмыш байқау дәстүрлі түрде өтіп келеді. Облысымыздың түкпір-түкпірінен жас өнерпаздар бас қосып, бір-бірімен тәжірибе алмасады, бар шеберліктерін көрсетеді. Биыл үміткерлер шертпе және төкпе күйдің сыртында жергілікті сазгерлеріміздің күйлерін де орындамақ. Мұндағы мақсатымыз – Тобыл-Торғай өңірінде шыққан күйлерді жаңғырту. Осы байқауда оза шапқан жеңімпаздар алдағы уақытта жоғары деңгейлі байқауларда біздің өңірді танытатын болады", – дейді облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының басшысы Дәмер Қалқаев.

Жастар сарайының концерт залында Ұлттық домбыра күніне арналған облыстық "Ғасырлар пернесі" атты қазақ ұлт аспаптары ансамбльдерінің фестивалі де өтті. Әттеген-айы – тамаша кешке халық аз жиналды.
Өнер кешіне облысымыздағы аудан, қалалардан үздік деген ұжымдар келді. Олар алдағы уақытта республикалық деңгейде өтетін байқаулар мен фестивальдерде өнер көрсететін болады.
Сонымен бір күнде екі мәдени шара өтіп, фестиваль соңы марапатқа ұласты. "Күмбірле, қоңыр домбыра!" атты облыстық күйшілер байқауының жеңімпаздары дипломмен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.
1 орын — Бекзат Байсалбаев, Рудный қаласы (100 мың теңге).
2 орын — Ділназ Махамбетова, Рудный қаласы (80 мың теңге).
3 орын — Молдабек Абылайхан, Рудный қаласы (60 мың теңге).

"Ғасырлар пернесі" фестивалінде өнер көрсеткен барлық ұжым 150 мың ақшалай сыйлықпен және дипломдармен марапатталды.
Айтолқын АЙҚАДАМОВА
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ